Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі апталығының қорытындысы

01.04.2018

               Қазақ тілі апталығының қорытындысы

27.03-29.03 аралығында қазақ тілі апталығы өтті. Осы күндер аралығында  барлық топтарда «Рухани жаңғыру» тақырыбына қолөнер көрмесі өткізілді.       

 Алғашқы күні, яғни, 27-сі күні « Талантты тәрбиеші» атты сайыс өтті. Бұл сайыста «Смешарики» және «Солнышко» тобының тәрбиешілері қатысты. Барлығы төрт тәрбиеші  және төрт тәрбиеленуші сайыста өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиешілер өз топтарының атауын қойып, эмблема жасады.

Балаларға қатысты әр түрлі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, педагогикалық жағдаяттардан да сүрінбей өтті. Сайыстың төртінші кезеңінде тәрбиеші мен тәрбиеленушіге арналаған ойын болды.

   28-күні  ортаңғы топтың ата-аналарымен «Салт-дәстүр  – ұлт қазынасы» тақырыбында сайыс өтті. Аталған іс-шарада  ата-аналар балаларымен қатысты. Бұл іс-шараның бірінші кезеніңде  балаларға «тұсау кесер, «бесік салар»,

«тілашар» дәстүрлерлерін көрсетсе, екінші кезеңінде қазақтың  « қыз қуу», «теңге алу» ойындарын көрсетіп,

түсіндіріп қана қоймай, балалармен бірнеше мәрте ойнатылды.  Сонымен қатар,  ұлттық тағамдардар да дайындап әкеліп, қалай жасалатынын түсіндірді. Мақсаты - ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

  29- күні, ересек топ арасында « Жігіт сұлтаны»  сайысы өтті. Бұл сайысқа бес жігіт қатысты.  Өздерін қазақша

тақпақтармен таныстырып, өнерлерін көрсетті, экранда берілген суреттердің  қазақша атауын айтып, соңында ойын ойнатылды.

   Әр сайыстың соңында әділ-қазы алқалары қорытынды шығарып, 1,2,3-ші орындарға мадақтау  грамотасы берілді. Балаларға кішігірім сыйлықтар тарту  етілді.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст