Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған апталық туралы есебі

2024 жылдың 5 қыркүйегі мен 11 қыркүйегі аралығында балабақшамызда Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған іс-шаралар апталығы өтті.

Таңертеңгілік гимнастиканың орнына балалар халық биін, «Қара жорға» биін биледі.     

Мектепалды даярлық топтарында балаларды А.Байтұрсынов өмірбаян мен, шығармашылығымен таныстыратын сабақтар өткізілді.

Ортаңғы топта «Түрлі-түсті асықтар» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: қазақ тілінде түстерді меңгерту. Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

Балабақшамыздағы барлық топтар «Бір-бірімізбен дос болайық...» тақырыбындағы сурет көрмесіне қатысты, балалар ата-аналарымен бірге сурет салды. «Қазақстан халқының тілдерінде сәлемдесу» челленджіне балабақшаның барлық балалар  қатысты.

Сондай-ақ орыс және қазақ тілдерінен «Халық даналығы», мақал-мәтелдер сайысы өтіп, мектепалды  топтарының балалары қатысты.

Ересек  және мектепалды  топтарының балалары мәнерлеп оқу сайысына қатысып, мадақтау грамоталарына ие болды.

Апталықтың жабылуында «Ұлттар шеруі» өтті, балалар ұстаздармен бірге Қазақстан халықтарының әндерін, өлеңдерін, билерін, киімдерін, салт-дәстүрлерін көрсетті.

Жалпы, апта жемісті және қызықты болды. Барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды, көптеген жаңа нәрселерді білді, жаңа сөздермен сөздік қорларын кеңейтті.   


                     

Жаңартылған күні: 16.09.2024 12:27
Құрылған күні: 16.09.2024 12:27

Текст