Әдемі әуенмен залға балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!
Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,
Аналарды мейраммен балалар құттықтайды!
Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,
Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,
Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!
Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақкім екен?
Балалар:Аяулы анамыз!
Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы.
Бізді жақсы көретін,
Бар жақсыны беретін.
Баласы үшін әрдайым,
Мейірімін төгетін
Ол кім?
Балалар: Анашым!
Жүргізуші: Жүрегіме жыр шашып,
Нұр төгетін Сіз екен.
Құтты болсын анашым,
Балалар: Құтты болсын мерекең!
Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.
(Балалар шашып турады)
Ән Анашым
1.Анашым, анашым ана жаным
Ән салдым өзыне балапаным
Ля...ля...ля..
Ән салдым өзыне балапаным-
2.Анашым ана жаным
Әнімен тербеткен балапаным
Ля...ля...ля..
Әнімен тербеткен балапаным
БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.
Жүргізуші:Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық! Бұл кім екен?
(Әуенмен залға қуыршақ кіреді)
Қуыршақ:Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,
Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.
Кездесуге асықтым мен сіздермен,
Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.
Қуыршақпын сондай сұлу, әдемі.
Мерекемен құттықтағым келеді.
Ақ әжелер, аяулы бар аналар,
Мерекеміз құтты болсын балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, әдемі қуыршақ! Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды, әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет, ән тыңдап деміңді ал.
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Біздің қыздарымыз аналарымызға арнап дайындаған би арнап береді.
Би : «Қүыршақ»
Қуыршақ: Рахмет балалар! Әрине мен де құралақан келген жоқпын. Менің сіздерге сақтап қойған сыйлығым бар. Ол сиқырлы моншақтар. Қазір көрсетемін.
(- Қазір көресіңдер деп сөмкесін ақтарып қарайды, моншағы жоқ тек жібі ғана шығады.)
- Ой, ой, ой... Енді қайттім! Моншақтарымды жоғалтып алған сияқтымын. Балалар маған моншақтарымды іздеуге көмектесіңдерші!
Жүргізуші:Әдемі қуыршақ, сен жылама. Біз сенің моншақтарыңды міндетті түрде тауып береміз. солаймабалалар? Орындықтарыңның астына домалап кеткен жоқ па? Қараңдаршы.
Бірінші мама: Біз де моншақты табуға көмектесейік. Балабақшаға мерекеге келе жатып мына моншақты тауып алдым.
Қуыршақ:Ой, жақсы болды ғой, беріңізші онда моншағымды.
Біріншімама: Әрине қайтарып беремін. Бірақ моншақтарың шынымен сиқырлы болса, онда біздің қалауымызды орындасын! Осыған келісесің бе?
Қуыршақ:Әрине келісемін. Сіз балалардың тақпақтарын тыңдағыларыңыз келеді ғой. Орындаймыз (сиқыр көрсетеді).
Жүргізуші:Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балалардың тақпақтары:
____________
Аяулым менің анашым,
Өзіңсің маған жанашыр.
Қажетіңе жарасам,
Қуанып – ақ қаласың.
__________
Елжіреп маған қарайсың,
Асылыңа балайсың.
Ер жеткенде сүйенер,
Тірегің деп санайсың.
_______________
Үмітіңді ақтармын,
Үлгіңді есте сақтармын.
Табаныңа төсермін,
Әлемдегі бақтарды
______________
Бәрімізге анасың,
Біз үшін гүл боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!
____________
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – Күн!
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын!
____________
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын, ақ мамам!
____________
Мақтанам апа,
Шат әнім апа.
Өзіңе тақпақ,
Жаттадым апа.
______________
Мені өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Бірінші мама: Әдемі қуыршақ, моншағың расымен сиқырлы екен. Балаларға да көп рахмет! Ала ғой моншағыңды.
Жүргізуші:Қуыршақ, моншақтарың әлі түгел емес сияқты ғой. Мүмкін екінші бір анамыз тауып алған шығар.
Екінші мама: Мен де бүгін тауып алдым бір моншақ,
Әдемі екен, мөлдір екен ол сонша.
Биші қыздар қане биге шығыңдар,
Сиқыры бар, билетеді бұл моншақ
Жүргізуші: Ендеше, көктемнің осы бір шуақты күнінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында гүлдеп шыққан бәйшешектерді қарсы алыңыздар! Тек қана Сіздер үшін би:
Қуыршақ:Қане қыздар биге шығыңдар. Мен моншағымды қайтарып алайын.
«Байшешек» биі.
Жүргізуші:Моншағыңды ала ғой. Түгендеп көр. Ал, біз ән айттық, би биледік, енді ойын ойнайықшы.
Ойын «Кішкентай көмекшілер»
Аяна:Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Аян мен Даяна орындауындаӘн «Әжетай»
Жүргізуші:Рахмет қыздар, өте тамаша!Моншағың түгел ме екен? Ендеше тағы сұрастырып көрейікші. Мүмкін үшінші бір анамыз тауып берер? Біздің аналарымыз керемет жандар ғой. Бір жағынан тамақ пісіріп , бір жағынан кір жуып, сабақ оқытып, балалар бірдеңе бүлдіріп қоймасын деп қарап жүреді. Бірақ үйде барлығына да үлгереді.
Үшінші ана: Мерекеге мен де моншақ әкелдім,
Біліп тұрмын сиқыры бар екенін.
Аналарға ән де айтып беріңдер,
Моншағыңды сонда қайтіп беремін.
Қуыршақ: Мен келісемін. Балалар, көңақтарға арнап ән айтып береміз бе? Қане ортаға шығыңдар.
Ән : Көктем келді тағы да
1.Көктем келді тағы да,
Билейікші шаттана
Аяқпен тарсылдат
Аяқпенен топ-топ-топ.
2.Қуанамыз күнге біз,
Шапалақты соғамыз.
Көңілдене соғамыз
Шапалақты соғамыз.
3.Сыңғырлайды тамшылар
Қуанады балалар.
Алақай, алақай!
Көктем келді балақай!
____________
БАЛАЛАР ОТЫРАДЫ.
Жүргізуші: Ән де айттық, би де биледік, енді аналарымызға да ойын ойнатайық. Аналар балаларын алыстаан көріп қалса да танып қояды. Күлсе күлкісінен танып қояды. Ал, әр баланың иісі анасы үшін ерекше екен. Аналарымызды сынап көрейікші. Аналарымыз өз баласын иісінен тани алар ма екен?
Ойындар
1. «Балаңызды иісінен танисыз ба?»
2.«Даусымен балалар аналарің шақыраді» (ата – аналармен ойын)
Әже (балалардың әжесі):Қуыршағым жұбансын,
Тауып алдым моншағын!
Мерекемен бүгінгі,
Құттықтаймыз баршамыз!
(Қуыршақты құттықтайды )
Ән «Әжем менің айдай
1.Ақ қимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай
Әжем менің айдай
2.Әжем менің айдай
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Әжем менің қандай
Әжем менің айдай
3.Бақшаға да барады
Шықсам тосып алады
Әжем менің қандай
Әжем менің айдай
Жүргізуші: Біздің балалар тағы тақпақ айтқысы келіп тұр екен.
Балалардың тақпақтары:
1.Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсам шаттанған.
«Алтыным» деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
2.Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, дана әжем.
3.Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Әжелердің жүрегі.
4.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
5.Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын, ақ мамам!
6.Анашым анам,
Ынтықсың маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.
Жүргізуші :Ормандағы аңдар да, көктегі құстар да көктемнің келгеніне қуанып, билеп жүр. Осы жерде отырған біздің ұлдарымыз би көрсетеді
Би «Теңізші»
Жүргізуші: Моншақтар түгел ме екен? Қуыршақ моншақтарды жинауға қиналып тұрған сияқты. Балалар, қуыршақтың моншақтарын іріктеп беруге көмектесейікші. Ол үшін ойын ойнаймыз.
Ойын: «Моншақ тізу»
Қуыршақ:Әдемі моншақтар сиқырлы,
Құлпырып кетіпті бір түрлі.
Сыйлыққа айналсын моншақтар,
Көріңдер ғажайып сиқырды!!!
(сыйлық салынған қорапшаға салып жіберіп «уф, уф,уф» деп сиқырлайды, қорапшаның ішінен балаларға арналған силықтар алып шығады, үлестіреді)
Жүргізуші: Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі
«Ана – аса қымбат жан! » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!