«Наурыз» әні әуенімен балалар залға келеді, төрде әже күтіп алады..
Әже: Қош келдіңдер , менің кішкентай немерелерім! Келіңдер жоғары шығыңдар ! Мереке құтты болсын! Қайырлы күн құрметті ата—аналар!
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, амансызба әже! Ұлы Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген көктеммен қазақ даласына Жаңа жыл келді! Жаңа жылда армандарыңыз орындалсын!
Ақ мол болсын! Бақшамыз әнмен жырға толсын! Балалар, міне әжеміздің үйіне де келдік! Қараңдаршы, қандай керемет!
Әже: Ал балалар, бүгінгі мерекеге қандай сыймен келдіңдер, әндеріңді айтып , мерекеде көңіл көтерейік!
Ән «Қасиетті мерекем»
1.Қасиетті мерекем
Наурызды сүйемін
Ата, әже, ағалар
Сендерге бас иемін
Қайырмасы
Кел достарым келіңдер .
Төрге, төрге еніңдер
Құтты болсын Наурыз
Мерекені көріңдер
2.Құрт пен майын жинаған,
Дастарханға сыйлаған.
Жеті түрлі ас салып,
Наурызда сыйлаған
Әже: Жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін!
Бала: Келе жатыр жылымыз!
Мейрамдаймыз мұны біз!
Халқы сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
Музыкамен Наурыз ару келеді
Әже: Уа халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық!
Бұл мереке , бұл тойдың,
Шашуларын шашайық! (шашу шашады)
Би «Қарлыгаштар» (кыздар)
Жүргізуші: Керемет! Тойымыз тойға ұлассын деп, енді Наурыз аруымызды тыңдайық!
Наурыз ару: Сәлем барша халқымыз!
Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды!
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам!
Жүргізуші: Қош келдің, Наурыз ару! Өздеріңізге арнаған жырымызды қабыл алыңыздар!
1 бала: Қош келІпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың!
2-бала: Қуанышы халықтың,
Құтты болсын Наурыз!
3бала: Ата бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
4- бала: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде!
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!
Әже: Көп рахмет! Балалар, бүгінгі күн ерекше күн! Ертеде бұл күні ата-апаларымыз жақсы киініп алып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады! Және мерекенің жалғасы әнмен биге, көңілді ұлттық ойындарға жалғасқан екен! Сендер маған тамаша өнер көрсеттіңдер , менің де сендерге әкелген сыйлыгым бар!
(қоржыннан асықтарын алып , шашады)
Ойын «Асық жинау»
(шарты: әже қоржынынан асықтарды шашады, балалар шашылған асықтарды әуенмен жинап береді. Мақсаты: жылдамдыққа , ептілікке тәрбиелейді)
Әже: Керемет! Балалар, мерекені жалғастырып, бізге аңыз бен ертегіні алып келген құрметті қонақтарды шақырайық!
(Музыкамен Алдар мен бай келеді)
Алдар: Уа халқым, Наурыз құтты болсын!
Мен Алдармын! Мен Алдармын!
Балалармен ойнаймын! Ренжітетін сәбиді,
Тентектерден қорғаймын!
Бай: Армысыздар халайық! Ұлы істің ұлы күні Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер! Сіздерді көріп балалар қуанып отыр!
Бай : Солай ма, кане біз Алдар екеуміз күштеріңді сынап көрейік!
Ойын «Арқан тартыс»
(шарты: балалар екі топқа бөлінеді, арқанның екі шетінен тартады. Арқан қай жаққа қатты тартса сол топ жеңіске жетеді)
Алдар: Ой, шынымен де біздің балалардың күштері өте көп екен!
Бай: Балалар, осы Алдарды жұрттар бәрі айлакер дейді, бірақ мен сенбеймін! Алдаке, кане алдап көрші , көзіміз жетсін, көрейік өнеріңді! Бірақ мен ешқашан алданбаймын!
Алдар: Солай ма, Байеке, алдауыш қамшым үйде қалып қойыпты, астыңдағы атыңды бере тұршы, шауып барып алып келейін!
Бай: Қазір Алдеке, сенен аяғанымызды ит жесін! Мә! (береді)
Алдар: (атқа мініп, кете барады) Сау бол, Байеке! Мен кеттім!
(Әндетіп) Мен Алдармын, Алдармын!
Сақалымды талдармын!
Шығайбайды қатырып,
Атына мініп шабармын! (кетіп қалады)
Бай: Ой балалар, мен алдандым ба? Қап, құдай ай! (санын соғады)
Әже: Балалар, Шығайбайдың алданып қалғаны ай! Кане, бір би билеп берейік, көңілі көтерілсін!
Би «Байге» (улдар)
Шығайбай: Балалар сендермен өте қызық болды, менің басқа ауылдарға барып балаларды қуантуым керек және әлгі Алдарды тауып алуым керек, сау болыңдар!
Жүргізуші: «Ойын ойнап өсер бала бола ма?» – демекші келесі кезекте біздің сұлу қыздарымызды ойынға шақырайық!
Ойын «Киіз үй»
(шарты: ортаға орамал жайылады, қыздар жағалай тұрады, әуен ойнағанда билей жөнеледі, әуен тоқтағанда орамалдың шетінен ұстап көтереді.Мақсаты: ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу)
Жүргізуші: Ал келесі кезекте , ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр көрініске берейік!
Салт-дәстүр көрсету «Бесікке бөлеу»
«Бесік жыры»
Жүргізуші: Ал балалар , мерекемізді ары қарай жалғастырайық!
Бала: Наурыз келді тамаша,
Ән айтамыз таласа!
Ән «Коктемде»
(Әуенмен Қыдыр ата келеді)
Қыдыр ата: Армысыздар ағайын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Қайда барсаң жолың болсын! Аумин!
Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін!
Дендеріңіз сау , мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барша жұрт бақытты болсын!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Көріскенше күн жақсы болсын!-деп ертеңгілігізді аяқтаймыз!
«Наурыз-думан» әуенімен топқа балалар қайтады.