Музыка залына бір бала кіреді
Аяулым: Келіңіздер келіңіздер!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын көріңіздер!
Жүргізуші: Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,
Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін ашып, Наурыз жаңа жыл келіп жетті. Осындай керемет күні екі ауыл тұрғындарының бастарын қосып тойлағалы едік. Өздері кешіккелі жатыр.
(Музыка әуенімен балалар билеп кіріп отырады)
Жүргізуші: Армысыздар Абай ауылының тұрғындары! Амансыздарма Айсары ауылының тұрғындары! Басқан қадамдарыңыз оң болсын. Бүгінгі біздің «Елді елең еткізген Наурыз келді көктеммен» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер.
- Балалар, мынау сандықты тарсылдатып тұрған кім екен?
Ой Алдар көсе сәлеметсізбе!
Алдар көсе: Сәлеметсіздерме! Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: Сандықтың ішіне қалай тап болдыңыз? Әлде байды алдаймын деп өзіңіз алданып қалдыңызба?
Алдар көсе: Жоқ, жоқ сендерді таң қалдырайын дегенім ғой.
Жүргізуші: Алдар көсе бүгін Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Біздің мерекемізге екі ауыл тұрғындары келіп отыр, сізде төрлетіңіз мерекені тойлайық.
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.
Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып,
Өнерлерін інжу маржан шашайық – деп отырып бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтардан бастайық.
1бала.Қазағым наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
2.Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.
3.Наурыз тойы – ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
4.Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
5.Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап күлген жас балалар жүгірер.
6.Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
7.Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Бидай, күріш тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
8.Құрт бауырсақ шашылсын,
Наурыз тойы ашылсын.
9.Бусанып жерім бай, төсінде шалқып ән,
Наурыз көңілді ай, шаттығы шалқыған.
Ойнаймыз шаттана, ішеміз күнде айран,
Балаға қартқа да, ортақ қой бұл мейрам.
Ән: «Қасиетті мерекем»
1.Қасиетті мерекем
Наурызды сүйемін
Ата, әже, ағалар
Сендерге бас иемін
Қайырмасы
Кел достарым келіңдер .
Төрге, төрге еніңдер
Құтты болсын Наурыз
Мерекені көріңдер
2.Құрт пен майын жинаған,
Дастарханға сыйлаған.
Жеті түрлі ас салып,
Наурызда сыйлаған
Алдар көсе: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
- Қане екі ауыл тұрғындарының жігіттерінің күштерін сынап көрейік.
Ойын: «Арқан тарту»
Алдар көсе: Рахмет! Екі ауылдың жігіттерінің күштері мықты екен. Енді мен барып басқа ауыл тұрғындарын құттықтауға барайын. Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: Біздің хадқымыздың көптеген дәстүрлері бар. Осы салт дәстүрлеріміздің ішінен «Балаға ат қою» рәсімін тамашалаңыздар.
Көрініс: «Балаға ат қою»
Ата: Әй бәйбіше,бүгін немеремізге азан шақырып ат қояйық. Жаңа барып көрші Думан ақсақалды шақырып келдім.
Әже: Дұрыс айтасың шал.
Думан ақсақал: Асалаумұғалейкум!
Ата: Уағалейкум ассалам! Төрлетіңіз! Немеремнің атын қоюды ақсақал сізге жолдап жатырмын.
Әже: Әй келінжан, немеремді ақсақалдың алдына әкел.
Ақсақал: Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек!
Әкеңнің аты Қадірбек,
Атаңның аты Иманбай,
Анаңның аты Айғаным!
- Ал енді батамды берейін:
Бөбектің бауы берік болсын,
Өскен сайын өрелсің.
Еш жамандық көрмесін,
Жасы ұзақ, мың болсын. Әумин
Ата: Әмин айтқаныңыз келсін.
(Музыка залына әже кіреді)
Әже: Сәлеметсіздерме! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(Шашу шашады)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе әже! Біздің мерекемізге қош келдіңіз, төрлетіңіз үстел басына жайғасып отырыңыз.
Ал аже сендерге балаларымыз арналып куй орындап береды
Кyй «Келыншек»
Әже: Рахмет балалар! Мен сендерге «Бесікке салу» рәсімін көрсеттып берейын
Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы ән сарасы,
Елдің көңілін көтерер ел данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Назар қойып тыңдаңдар ан жолдауын.
Би: « Коктем вальсы»
Жүргізуші: Балалар наурыздың ең басты тағамы қандай тағам?
Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады?
Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын ортаға шығып Айгерім айтып береді.
Айгерім: 7 деген сан киелі сан. Қазақ киелікке ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жет түрлі дәмнен жасалады: оған қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдар қосады.
Жүргізуші: Рахмет саған Айгерім, енді наурыз көженің қалай дайындалатынын білдік.
Сымбатты да өнерлі,
Қайратты да жігерлі.
Біздің топтың балалары,
Қара жорға билейді.
Би: «Босжорға» улдар
Би Кыздар
Жүргізуші: Міне балалар біз сендермен ойын ойнадық, би биледік ән де айттық мерекеміз аяқталып жатыр. Ендеше ақжаулықты әжемізден бата сұрайық.
Әже: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке әкелсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ән «Наурыз мереке»
1. Жанартып бар салтымды
Қуантып бар халқымды
Наурыз келді далама
Артты, артты данқымды
Қ-сы: Наурыз, Наурыз жылбасы мереке
Наурыз, Наурыз әр үйде береке
Тіршілік оянды құстар да ән салып
Наурыз, Наурыз мереке
2. Молшылықты манайы
2. Молшылықты манайы
Қуанышпен Қараймын
Тілек айтам бәріне
Бірлік болсын ағайың
Жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық ән қазақ жерін.
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді байтақ елім.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Денеміз сау, мықты болсын.
Еліміздің несібесі көп болсын,
Дәстүрлі наурыз тойы құтты болсын!
Балауса: Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі