Текст
«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық салт-дәстүр рухында адалдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Студенттеріміз отбасындағы сүйіспеншілік, өзара сыйластық және қолдау атмосферасын көрсететін әңгімелер, фотосуреттер және бейнелермен бөліседі.
Бұл міндет өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және оларды адал, саналы азамат етіп қалыптастыруда отбасының рөлін арттыруға бағытталған.