Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көмекші оқытушының бос орнына конкурс

Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Астрахан ауылының"Алпамыс" балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық педагог-ассистентың  екі бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды (Оқытудың орыс және қазақ тілді, жүктеме-1 ставка)

Мекен-жайы: Ақмола облысы,Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 85 тел. 87164122475, электрондық пошта astrahansad@mail.ru.

Қосымша ақыны есептемегенде жұмыс өтіліне байланысты базалық лауазымдық жалақысы (біліктілік санаты, ЕББ бар балалармен жұмыс) 147 325 теңгеден.

   Лауазымдық міндеттері:

      -психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      -балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

     - білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      -оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

      -ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының жағдайларын сақтайды;

      -белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

       Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

     Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Кандидат болған жағдайда қосымша ақпарат береді, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, басшылықтан ұсынымдар лдыңғы жұмыс орны).

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Ақмола облысы Астрахан ауданы Астрахан ауылы Әл-Фараби көшесі, 85 тел. 87164122475, электрондық пошта: astrahansadsad@mail.ru

Конкурстық рәсімдер"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі

 


Текст