Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

02.04.2018

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.

Байқау барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады жүргізуші:

Құрметті әріптестер, ата-аналар, балалар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтпекші.

 жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар! 

1  Кун Артем.

2.  Черноволов Арсени

3. Путинцев Богдан

4. Титарев Арсений

5. Рыбчак Артем

«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.  «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешілері Қожабаева

Бибігүл Қалиқызы және Баева Наталья Михайловна

2.    Балабақшамыздың  психолігі Омралинова Асел Сабитқызы

жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім «Құралайды көзге атқан»  мергендігін сынау сайысы.

ІV бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.

жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

 жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Өзін таныстыру

жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

Өз өнерін көрсету

 жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. 

Сұрақ-жауап сайысы

жүргізуші:

Би болатын Жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар Жігіттің,

Мергендік болар жұмысы

– дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу ойынына  береміз. 

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, «Қаражорға» биін билейік.

жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп топтың жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

жүргізуші:

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»

жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен

сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Просмотров: 1761


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст