Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Талантты тәрбиеші» атты тәрбиешілер сайысы

27.03.2018

Қазақ тілі апталығының жоспары

Өткізілетін күні:   27 наурыз

Басталуы: сағат 10: 00

                               «Талантты тәрбиеші» атты тәрбиешілер сайысы

Тақырыбы: «Талантты тәрбиеші»

Жоспары:

І. Ашылу салтанаты

ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі

ІІІ. Сайыстың өтуі

ІҮ. Марапаттау, номинациялар беру

Ү. Қорытынды

Мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, педагогикалық жағдайларды шешу. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

  Шарты:

1.    Топтың атын таныстыру, ұраны

2.    Өнер көрсету немесе шебер қолдар ( қолдан жасалған бұйым)

3.    

«Тапқырлық танытыңыз» (жағдаяттар қою)

4.    «Есепті дұрыс шеш» ойыны.  

Жүргізуші: - Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай

«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.

Тәрбиеші...

Осы сөзде қаншама ұлылық бар

Жүрегінде маздаған жылылық бар

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым

Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты тәрбиешіге шын көңілден

Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе

1.    Топтың атын таныстыру, ұраны ( эмблема)

2.    «Өнерлі  өрге жүзеді» ( өнлерін көрсету)

3.    «Тапқырлық танытыңыз»( сұрақтар мен жағдаяттар)

4.    «Есепті дұрыс шеш» ойыны.

  Бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).

1. Мухаметжанова Екатерина Васильевна

2.  Циммер Валентина Ивановна

3. Горошенко Ольга Владимровна

4. Бондарева Гульмира Каиргельдиновна

  Тәрбиешілер өнерін салыстырып,

Жеңіс үшін өнерін шабыстырып. 

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейін қазыларды таныстырып.

5.     Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы төрайымы мен мүшелерін таныстырып өтейін.

Әділқазы төрайымы:

«Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі: Маишева К.К

Әділ-қазы алқасы мүшелері:

Педагог-психолог: Омралинова Асел Сабитқызы

Шаруашылық меңгерушісі:

Енді қай топтың бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтаймыз. Олай болса, екі топтың топ басшысы менің қолымдағы жеребені ашып көру арқылы қай топ бастайтынын анықтап берсін. Құрметті әріптестер, сайысымыздың қай топтың бірінші бастайтыны анық болды, олай болса 1-бөлім бойынша таныстыру. Топтың атын таныстыру, ұрандарын айту.

(Әділ қазылардан әр бөлім бойынша ұпай санын сұрап отыру).

Жүргізуші: - 2- бөлім «Өнерлі тәрбиеші», баламен қосылып өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: - 3- бөлім «Тапқырлық танытыңыз» ( әр топқа 1 сұрақтан 1 жағдаяттан қойылады)

Сұрақтар:

1. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?

2. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?.

3.Топтағы әдеттегі күн. Топта балалар ойыншықтарымен  ойнап отыр. Кенет топтағы бір қыз желіммен жабысып қалған ойыншықтарды алып келді. Кім жасағанын ешкім мойындамайды. Сіздің әрекетіңіз?

4.     Жаз мезгілі. Сіз топтағы балалармен серуенге далаға шықтыңыз. Диас жүгіріп жүріп, аяғын ауыртып алды. Көмекшіңіз  медбикеге алып кетті. Сіз балалармен жалғыз өзіңіз қалдыңыз. Диасты уайымдап тұрған кезде топтағы бір бала жаңыңызға жүгіріп келіп , дәретханаға қатты барғысы келіп тұрғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз?!

 

—  Воспитатель объявил о предстоящем  субботнике. На субботник пришли двое  родителей. Воспитатель

расстроился. Пришлось субботник перенести на другой день. Как вы думаете почему родители не пришли? В следующий раз как вы поступите?

           В детский сад привезли песок. Песок высыпали перед забором. Заведующая предложила сказать родителям, чтобы вечером они помогли занести песок. Как вы попросите  родителей? Если они не дадут согласия, как вы

поступите?!

—  Обычный день в детском саду. Дети в группе играют с игрушками. Вдруг одна               девочка приносит игрушки скленные клеем. Никто не признается в содеяном. Как вы поступите?!

—  Лето. Вы с детьми вышли на прогулку. Диас бегал и разбил коленку. Няня отвела Диаса к медсестре. Вы

остались  одни с детьми. Вдруг один ребенок захотел  сильно  в туалет. Как вы поступите?

Жүргізуші: - 4 – бөлім «Есепті дұрыс шеш» шапшаңдығына, тапқырлығына, шеберлігіне баға беру, 4 топты

салыстыру.

Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша  «Ересек топтың биін қабыл алыңыздар ( флешмоб)

( Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).

Жүргізуші: 

Ұядағы балапан қақты қанат

Қарға емес, қыранға өзін балап.

Жас қанатта жетеді мұратына

Болса егер таудан да биік талап

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Просмотров: 2183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст