Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Салт дәстүр - ұлт қазынасы» сайысы

29.03.2018

Қазақ тілі апталығының жоспары                               

Күні:  28- наурыз

Басталуы: Сағат 10:30

           Тақырыбы: « Салт дәстүр  - ұлт қазынасы»  сайысы

Мақсаты: Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық

құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Міндеті: 1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

 2) Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

 3)  Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

 

I .   Салт- дәстүр – халқымыздың бай қазынасы (Салт- дәстүр көрсету)

II.   Ұлттық ойын – халық мұрасы ( Қазақтың ұлттық ойынын көрсету)

III. Халқын сүйген – халқының салтын да сүйеді. ( Ұлттық  тағам)

     

      Әділқазы алқасы мүшелері: «Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі  - Маишева К.К

Балабақшамыздың әдіскері: Мухаметжанова Екатерина Васильевна

    

Жүргізуші: Құрметті, тәрбиешілер, ата-аналар және қонақтар! Бүгін, міне, ата-аналар  арасындағы « Салт-дәстүр  -  ұлт қазынасы» сайысын көруге шақырамыз! Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің белгісі. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрмен, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді,

әрі ғажайып жол екенін көрсетті.

              Сонымен,  алдарыңызға қатысушыларамызды шақырайық!

Ал енді алғашқы қатысушыларымыз Кәрібай Алихан әжесі Баян Құсайынқызын қарсы алыңыздар!( дәстүр - «Бесік салар»,  ұлттық тағам – «Бауырсақ», ұлттық ойын – "арқан тарту"

               Келесі қатысушымыз  Ашкенова Нурлия және анасы Аягөз Оралбекқызы ( салт-дәстүр – тілашар, ұлттық

тағам –шелпек, және Аягөз Оралбекқызының орындауында « Наурыз келді» әнін қабыл

алыңыздар!

       Ал, біздің үшінші қатысушымыз, Есенжол Жалғас және Айгүл Сырдарбекқызы  ( тұсау кесер, шербет, теңге алу)

   Біздің бірінші бөліміміз  «Салт –дәстүр – халқымыздың бай қазынасы деп аталады.  Ендеше, салт- дәстүрлерге кезек берейік.

1.    «Бесік салар»

2.    «Тілашар»

3.     «тұсау кесер»

Жақсы, қазақтың салт-дәстүрлерінің бірімен таныс болдық.

Екінші бөліміміз «  Халқын сүйген – халқының салтын да сүйеді» Ендігі кезек қазақ халқының ұлттық тағамында.

1.    « Бауырсақ»

2.    «Шелпек»

3.    «Шербет»

Ал қазір, құрметті қонақтар «Естияр» тобының бүлдіршіндерінің орындауындағы « Тәуелсіз Қазақстан» әні .

Келесі сайысымыздың бөлімі « Ұлттық ойын – халық мұрасы» деп аталады. Бұл жерде қатысушылар қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстырады.

1.    « Арқан тарту»

2.    « теңге алу»

Ендігі кезек әнде. Аягөз Оралбекқызының орындауында «Наурыз келді» әнін қабыл алыңыздар! 

(Осы кезде әділ қазы алқалары шешім шығарады)

3.    Сайысты қорытындылау. Марапаттау.

Просмотров: 1972


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст