«Ана - өмірдің шуағы»
Жүргізіші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі 8-наурыз- аналар мерекесіне арналған «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
Балаларымыздың аналарға арнаған тақпақтарын қабыл алыныздар!
Нұрбахыт: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Аймерей: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Мыстан кемпір ұшып келеді:
-Осында не болып жатыр? Мені не ұмытып кеттіңдер ме? Мен де кемпір болсам да әйелмін ғой! Мен сендерге ренжідім! Сондықтан сендерге ешқандай мереке болмайды!
Алдынан Жігіт шығады:
-Бұнын не апатай? Бізбен бірге мерекені тамашалауға шақырамыз. Мынау гүл сізге!
Мыстан: -Жарайды тек қана менің шарттарымды орындандар және менің сұрақтарыма жауап беріндер. Дүниеде не тәтті? Жұмсақта не жұмсақ?
Жігіт: -Осы сұрақтарынызға мен жауап берейін.
Мыстан: -Айта ғой, балам.
Жігіт: -Тәттіде ананың сүті тәтті. Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Мыстан: -Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам. Мұратына жет, қатарыңның алды бол. Ал енді, ана туралы өлен айтып беріндер.
Ән: "Мерекенмен анашым"
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңданызшы.
Ұлжан: Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекенмен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Дидара: Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекен
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын.
Никита: Баланың да тірегі
Дананың да тілегі.
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Мыстан: -Өте жақсы! Тамаша! Еңді аналармен ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Кір жуу»
Шарты: балалар кір жуғандай болады. Кірлерің аналарына апарып береді. Аналары жаяды.
Шыңғыс: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Аяжан:Әжем
менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй,
- деп, Абай атамыз айтқандай балаларымыздың орындауындағы «Бауырсақ» әнін, қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар тобы,
Мерекеге өнермен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада қыздардың орындауында биді қабыл алыңыздар.
Би: «Гүлдер» қыздар билейді
Айдана: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Аяна: Жанымызды
жайнатқан
Өзініз ғой аналар,
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Досхан: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құтықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
М.Амира: Наурыздың сегізі,
Сұлылықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Мыстан: -Өте жақсы! Керемет! Енді менің тамақ ішкім келеді? Маған бірдене бересіндер ме?
Жүргізуші: -Әрине береміз. Қазір біздің ұл балаларымыз саған тәтті ботқа пісіріп береді.
Би: «Ботқа»
Әдемі әуенмен Көктем келеді (Амира)
Мен көнілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтын
Түбіне тал екенмін
Гүл боп қырда егілем
Дән болып жауам да
Нұр боп көктен төгілем
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем.
Інжу : Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
Діңмухамед: Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Би: «Топни ножкой»
А.Милана:Аман болсын ана,
Аман болсын бала,
Құтты болсын мерекен.
Саягуль: Бөбегінің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Ән: «Мерекенмен мамам»
Аналар мен қыздрдың орыңдауында Би: «Жасыл анам»
Жүргізуші: Олай болса, әр баланың аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұн қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәрініздің қадамына- дей отырып бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.