Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»,«Шығармашылық»
Бөлімі: Көркем әдебиет; Сурет
Тақырыбы: «Қызыл телпек»
Мақсаты: «Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, сұрақтарға жауап беру,
қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Негізгі түстерді араластыру арқылы басқа
түстер алу. Вальдорф әдісі арқылы сурет салуды үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ қою, жауап алу. Вольдорф методикасы арқылы сурет салу.
Көрнекіліктер: Слайд: ертегінің мазмұнына байланысты суреттер.
Қажетті құрал жабдықтар: Фартук, Су, әр балаға губкалар, қылқалам, Черчение сабағына арналған қатты
қағыз, Гуашь бояуы. Сулы майлық.
Билингвальды компонент: Қызыл телпек-красная шапочка; қасқыр-волк.
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балаларды іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар бізде бүгің ерекше оқу іс -әрекеті, бізге қонаққа апайлар келді. «Алпамыс» атты бақшаның Әдепті баласы Алдымен қонақпен Амандасып алады. -Салеметсіз бе?! Шаттық шеңбер Слайд-3 Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғыламыз таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжіду біз білмейміз. Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық бәріміз , Арайлап атқан күндей. Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір ойын ұсынамын. Біз апайлармен амандастық. Еңді бір -бірімен амандасаиық. Тек қана сөзбен емес ыммен. Ым деген не? Д/ оиын: "Ыммен көрсет" Тәрбиеші: Жақсы ендіше маған ыммен көрсетіндерші «Сәлеметсіз бе!»; «Сәлем»; «тыныш»; «білмимін»; «ия»; «жоқ»; «Рахмет» |
Балалар бірге жасайды.
-Ым деген қимыл.
Балалар ыммен көрсетеді. |
Ұйымдастыру- ізденушілік |
-Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіндер ме? Тәрбиеші: Ал қазір біз «Қызыл телпек» ертегісімен танысайық. Қызыл телпек-красная шапочка. «Қызыл телпек» ертегісін Әйгелі ертегілер жазуші Шарль Перро жазды. 12 қантар 1628 жылы туған. (слайд- 4) -Білесіңдер ме Шарль Перро біріңші балаларға арнап ертегі кітап шығарған. Қасқыр келеді: Не қызыл телпек дейсіндер ме? Мен Қызыл телпекті ұрлап кеттім! Тәрбиеші: Балалар қызыл телпекті құтқару үшін қасқырдың барлық сұрақтарына жауап беру керек. Қасқыр-волк. Қасқыр: -Маған мынау кітапты оқып беріндер! Тәрбиеші «Қызыл телпек» ертегісін оқып береді. Сұрақ-жауап: 5-слайд: Қасқыр: -Ертегі қалай аталады? Слайд- 6 Қасқыр: -Анасы қайда қызын жіберді? Қасқыр: -не деді?
Слайд- 7 Тәрбиеші:–Қызыл телпектің алдынан не шықты? Қасқыр:-Мен қандаймын?
-Неліктен?
Слайд- 8 Қасқыр: -Мен Қызыл телпектен не деп сұрадым? Тәрбиеші: -Ал Қызыл телпек не деп жауап берді? Слайд -9 Қасқыр: -Мен қандай дауыспен әжемен сөйлестім? -неге? -Әже не деді?Слайд -10
Слайд -11 Тәрбиеші: -Қызыл телпек әжесін көргенде неге таң қалды? Қасқыр: -Ал Мен не деп жауап бердім? -Кімдер құтқарды Қызыл телпекпен әжесін? Слайд -12 Тәрбиеші: Міне қасқыр балалар ертегіні жақсы біледі. Сергіту сәті: «Қызыл телпек» Қызыл телпек орманда келе жатыр. Әжесіне тәтті бәліш апара жатыр. Оның артынан аяқтын үшімен- Қасқыр Қасқыр аш -Тісімен ол ЫР-ЫР-ЫР.
Қасқыр: Еңді маған «Қызыл телпек» жақсы көретің «Гүлді алқап» суретің салып беріңдер. Тәрбиеші: Жарайды. Ал сен бізбен бірге сурет сал. Саусақ жаттығуы қылқаламмен: Қызыл телпек жолмен келе жатты, келе жатты, келе жатты, Тауға мінді-түсті, мінді-түсті, мінді-түсті, мінді-түсті, мінді-түсті, Еңді таудан түсіп жолға шықты әжеснің үйне келді. Тәрбиеші сурет салу техникасын түсіндіреді. Қасқыр: -Міне сендердін Қызыл телпектерін! |
Балалардын жауабы.
Балалар қайталайды.
Балалар қызығушылық арттырады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы: -Қызыл телпек.
-Әжесіне. -мынау бәліш пен құмыра сүт апарып бер. Халын біліп кел. Ешқайда осы жолдан бұрылма.
-Қасқыр.
-Ашулы. Жаман, жауыз. -Ол аш.
-Сен қайда баражатырсын? -Мен әжеме бәліш пен сүт апаражатырмын.
-Жұқа.
-Әжені алдау үшін. -Жіпті тартсан есік ашылады.
-Неге құлағы, көзі, аузы үлкен?! -
-Орманшылар
Бір орыңда жүреді. Жұқа дауыспен айтады. Аяқтың үшімен жүреді. Қатты дауыспен айтады. Балалар келіседі.
Балалар үстел басына келіп Саусақ жаттығуларын жасап жұмысқа кіріседі.
|
Рефлексивті-тузетушілік |
Қызыл телпек балаларды мақтайды. -Жарайсындар балалар! Мені құтқадындар, Рахмет сендерге. -Балалар қасқыр жақсы болалама? Не істесек ол жақсы болады? -Мынау бәліш саған қасқыр! Ал қалған бәліштер сендерге балалар. Қасқыр бәліш жеген соң келген қонақтарға гүл себет сыйлайды.
Тәрбиеші: Міне балалар қасқырымыз мейрімді, жақсы болды еңді тобымызға қайтайық. Қол үстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық! Сау боланыз! |
Балалардың жауабы. -Тамақ берсек.
Балалар қоштасып топқа кетеді. |
Күтілетің нәтиже:
• Нені біледі: «Қызыл телпек» ертегісін мазмұның біледі.
• Қандай түсініктерді игереді: Негізгі түстерді араластыру арқылы басқа түстер алу.
• Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Вальдорф әдісі арқылы сурет салу.