Бала –біздің болашағымыз.
Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата- анасынан алады. Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата- ананың өзі.Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме?
Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі
қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
«Балаға білім беру үшін,ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әль- Фараби.
Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып
қойғанымыз жеткіліксіз.
Баланы балабақшаға берген соң ата- ана тәрбиешімен тығыз қарым- қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім
алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан- жақты білімді болуына көп байланысты. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата- ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап,білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру көп жетістікке
қол жеткізеді. Айталық ата- ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады:
1.Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне- өзінің баға беруіне үйрету.
2.Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3.Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4.Ата- ана өзін -өзі ұстай білу, бақылай білу.
5.Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6.Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой- идеясына көңіл бөлу.
7.Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез- құлқын, іс- әрекетін, қателігін
түсінуге мүмкіндік жасай білу.
8.Оның психо- физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына, жан- жақты жетілуіне
көңіл бөлу.
9.Оның шығармашылық қабілетін, ақыл- ой сезімін бағалай білу.
10.Оның талап тілегіне тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген қөзқарасын бақылай білу.