Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің жетістігініз

19.05.2017

Қазақ тілі - ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Осындай тамаша тілдің бүгіні мен ертеңі Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлының бір сәт назарынан тыс қалған емес. Тәуелсіздік алған азат күндердің алғашқы тынысынан  бастап - ақ қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін көтеру, оның пайдаланылу және қолданылу аясын кеңейту тұрғысында Елбасымыз үнемі қамқорлық пен басшылық жасап келеді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының бұрынғымен  салыстырғанда анағұрлым жаңа белеске көтерілуіне Елбасының жетекшілік қызметі адал ниеті көшбасшы болды. Ата Заңда “Мемлекеттік тіл - қазақ тілі” деп анық та айқын жазылған. Мемлекеттік тілді оқитын тұрғылықты емес ұлттың мектепке дейінгі жастағы және бірінші сынып оқушылары арасында аудандық шығармашылық байқауы өтті. Сол байқауға біздің “Алпамыс” балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушісі Щербинина Анастасия Александровна қатысты. Байқау 3 кезеңде өтті. 1кезең мәнерлеп оқуда “Ана тілім” өлеңін мәнерлеп оқыды. 2 кезең ертегі

айтуда  бауырсақ костюмін киіп шығып “Бауырсақ” ертегісін қазақша айтып берді. 3 кезең әңгімелесуде “Менің отбасым” тақырыбында Анастасия өз отбасы жайлы айтып берді. Анастасия барлық қарсыластарын озып шығып 1 орынды иеленді. Білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды және 30000 тенге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар облыстық байқауға қатысып, мадақтамаға ие болды. Әлі де осындай жетістіктерге жететінімізге

мен кәміл сенемін.

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст