Балалардың балабақшаға бейімделеуі.
• Балабақшаға берерден шамамен бір ай бұрын сәбиіңізді балабақшамен таныстырыңыз. Жай ғана балабақша аумағында серуендеуге барыңыздар, сонда ол балабақша ғимаратының әсемдігіне тамсанып, онда қайта-қайта баруға ынтасы оянады, мұндайда алғашқы ресми күн де ол үшін мереке болмақ.
• Бала жаңаша күн тәртібінен биологиялық тұрғыда қолайсыздық сезінбеуі үшін, бір ай бұрын оны ақырындап балабақшада болатын жаңа тәртіпке үйрете беріңіз. Бұл тамақтануға да қатысты.
• Баланың ұжымға жылдам сіңісуі үшін, оның қарым-қатынас жасауға бейімділікті дамытуына көмектесіңіз, ал бұл балалармен, сондай-ақ ересектермен араласу барысында ғана мүмкін болмақ. Реті келсе, балабақшаға бармай тұрып, болашақ топтастарымен және олардың ата-аналарымен танысқандарыңыз жайт.
• Баланы міндетті түрде дербестікке дағдыландырыңыз, өз жасының деңгейінде өз-өзіне қарай алатын болсын.
• Балаға балабақшаның не үшін керек екенін, сәбилердің онда не үшін баратынын әңгімелеп беріңіз. Әкесі мен анасының жұмысқа, ал балалардың балабақшаға баратынын түсіндіріңіз.
• Анда-санда баламен бірге балабақша маңынан өтуге тырысыңыз, және оған дәл осы балабақшаға баратындарыңыздың қандай жақсы болғанын қуана ескертіңіз. Тобының қандай әсем болатынын, ондағы ойыншықтардың қандай сүйкімді екенін, оның балалармен ойнайтынын айтыңыз.
• Осы қуанышты жаңалықты баланың көзінше достарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісіңіз. Сәбиіңіздің балабақшаға қабылданғанына қуанып тұрғаныңызды айтыңыз. Сөйтіп,балабақшамен тезірек танысуға баланың өз құлшынысын артатындай етіп, оны жағымды арнаға бағыттаңыз.
• Балаға ондағы күн тәртібінің қандай болатынын, олардың немен айналысатынын айтыңыз, себебі бала жұмбақ жағдайларға аттанбауы тиіс және өзін не күтіп тұрғанын білуі керек.
• Баланың көзінше ешқашан балабақша туралы жағымсыз пікір айтпаңыз, және, ең бастысы, оны балабақшамен қорқытпаңыз. («тамағыңды ішпесең, балабақшаға жіберемін»; «мейлі, балабақшада сені тамақ жеуге жақсылап тұрып үйретеді» деген секілді).
• Баланы бастапқыда балабақшаға бірнеше сағатқа әкеліңіз де, кейіннен біртіндеп толық күнге жеткізіңіз. Мұндай біртіндеушілік қағидасы сәби үшін де, оның анасы үшін де анна ғұрлым жайлы болмақ.
• Баланы балабақшадан алып қайтарда міндетті түрде олардың немен айналысқанын, қандай тамақ ішкендерін сұраңыз, жетістіктері үшін мақтауды да ұмытпаңыз. Бала ата-анасы қасында болмаса да, оларға өз өмірінің қызықты екенін білуі тиіс.
• Баланы таңертең балабақшаға әкелген кезде жылдам қоштасып үйреніңіз, бұл істі көпке созбаған жөн, әйтпеген жағдайда бала сіздің абыржығаныңызды сезіп қояды да, сізден айырылғысы келмей қалады.