Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Ересектер тобы)
Білім беру саласы: Қатынас, Таным
Бөлімдері: Тіл дамыту, Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру.
Тақырыбы: Машаға қонаққа бару.
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау,
геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен
санау түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын,
ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлері маскалары, слайд: тура, кері
санауға арналған сандар, алма ағашы алмалар,қонжықтар,көжектер суреттері. Белингвалды компонент: Бір-один; екі-два; үш-три; төрт-четыре; бес-пять.
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық компонент
|
«Алпамыс» атты бақшаның Әдепті баласы Алдымен қонақпен Амандасып алады Амандасу үлкенге, Тәрбиенің ісі ғой Ал, кәнекей, бәріміз Сәлем,- дейік үлкенге Қайырлы күн, қонақтар. Қайырлы таң, балалар?! Шаттық шеңбер: Армысың Асыл Күн! Армысың Жер Ана! Армысың Жан досым, Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым! |
Сәлеметсіз бе?!-деп айтады.
Балалар шаттық шеңберін жасаиды. |
Ұйымдастыру – іздестіру компонент
Рефлексивті – түзетушілік компонент
|
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Тәрбиеші: Олай болса біз бүгін Машаға қонаққа барып ертегісін тамашалаймыз! Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды: Тәрбиеші:Маша: О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім. Осы кезде біреу есік қағады.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Маша: А солай ма, мен білмеппін. 1 - тапсырма. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды балалар көмегімен орында.
1 - ден 10 - ға дейін тура, кері санап бер. Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға. Бір кезде Қасқыр келеді (есік қаққаны естіледі).
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында. 2 – тапсырма Балаларға логикалық сұрақ: 1.Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды? 2. Шатырдың үстінде әтеш шақырып тұрып жұмыртқалады.Жұмыртқасы қай жағына түседі оң жағына ма,сол жағына ма? Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой. Тағы да біреу есік қағады.
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың. 3 - тапсырма. -Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен? 1. Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алма, Екеуі түсіп қалса Қалады онда неше алма. 2.Төрт қонжық орманда Келе жатты қорбандап Біреуі шаршады Әрмен қарай бармады. 3.Орманның шетінде екі көжек ойнап жұрді олардын қасына тағы да біреу ойнап келсе,нешеу болады? -Ал, еңді үш есепке қарасақ қандай қорытыңға келуге болады? Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында. Ал, балалар саған көмектеседі. 4 - тапсырма. Сандар туралы тақпақ айтып беріндер?
Маша: Түлкі жан сандар тұралы тақпақ жақсы білед екенсіндер ал, енді менімен бірге қайталандар: Бір-один;екі-два;үш-три;төрт-четыре;бес-пять. Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі. Ойын: «Орының тап». Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста Емін - еркін тыныста Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үшбұрыш сыз ауада Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. Қорытынды. 6 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Машаға үйне баруға көмектес». 1) Үйшіктін пішінің жапсырады.
Саусақпен санап үйренейік: Бес кәмпитім көп еді, Сараңдығым жоқ еді. Бір кәмпитім атаға, Бір кәмпитім әжеге, Бір кәмпитім мамаға, Бір кәмпитім папаға. Өзімеде жете ме? 2)Жолдарың сан арқылы салады. Тәрбиеші: - Балалар сендерге ертегі ұнады ма? - Біздерге қонаққа нелер келді? -Қандай тапсырмаларды орындадық? Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын. Балалар менде сіздерге кәмпитім бар. Балаларды Маша мадақтайды. Осымен бүгінгі ұйымдасқан оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Балалар: Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық!
|
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»т.б.
Аю(Мейірбек): Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін. Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
«1 2 3 4 5 6 7 8 9 10» «10 9 8 7 6 5 4 3 2 1»-деп санайды.
Қасқыр (Дамир):Бұл сарайда кім тұрады? Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Төртбұрышты доп болмайды.
Әтеш жұмыртқаламайды.
Қоян (Ақерке): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
3 -деп айтады.
3- деп айтады.
3- деп айтады.
Барлық есептер тең үшке- деп айтады.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады? Түлкі: Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Сандар туралы шығып тақпақтарын айтады: 1.Данияр: Мені білгін келсе, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрамын. 2.Ансар:Бірден кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Бірге бірді қосқанда, Иіліп мен шығамын. 3.Мадияр: Екіден соң әрқашан Үш саны боп қаламын. Қос мүйізі майысқан Ұлттық ою саламын. 4. Набира:Достар мені төрт дейді Беске бірім жетпейді Бірақ үшке ағамын Жақсысымын бағаның 5.Амира: Әр қолда саусақ бес - бестен Шықпас тегін ол естен Біліп санның шамасын Мысал ойлап табасың.
Балалар сандарды ретімен орналастырады.
Қимыл-қозғалыс жасайды.
Сөздерді қайталап саусақтарын жұмады.
Балалар өз ойларын айтып жауап береді.
Балалар шаттық шеңберін жасаиды. Сау болыныз!- деп айтады. |
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай
білді.
Қандай түсініктерді игерді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды
ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Геометриялық
пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.