Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді старт» /спорттық сайысы/

12.10.2017

«Көңілді

старт»

/спорттық

сайысы/

1. Спорттық сайыстың

мақсаты:

а) көңілді

старт ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

ә) ойын

барысында балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып,

адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) ойынға

қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту

арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.

 «Көңілді

старт» спорттық сайысының бағдарламасы:

1 Таныстыру. 

2 Доппен жүгіру.

3 .Кедергілерден өту

4 Арқан тарту (топпен)

5.Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,

      

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек

болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын

қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың

шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:

Шаттық шеңбер.

Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты спорттық сайысымызды бастаймыз.

(екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік-деп сайысымызды бастаймыз.

Жарыстың шарттары:

1. Таныстыру.

2. «Допты тез жеткізу».

3. «Акробатика».

4. «Кедергілер» сайысы.

5. «Кім шапшаң?»

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.

     Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.

«Күншуақ» тобы

Ұраны: Күндей болып күлеміз,

Шуақ шашып жүреміз.


«Жұлдыз» тобы

Ұраны: Бүгін жарыс бақшада

Қуанады бар бала.

2. «Допты тез жеткіз»

Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.

3. «Акробатика»

Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп,

орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы

Ойын шарты: Тақтай үстімен

тепе - теңдік сақтап өту.

5.Ойнайық та,

ойлайықта ойнайық,

Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн»

ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан

таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.

-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!

- Рахмет, ойыншылар. Барлық

жарыс шарттарын орындадық.

Уа,халқым

назар аудар денсаулыққа! 

Өмірде бақыттысың денің сау да. 

Денсаулық терең бақыт деген сөзді 

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 

Қымбатты балалар бүгінгі

сайысымызға ат салыса

қатысқандарыңа көп-көп

рахмет!

Қош дейміз әлі талай

сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар! Сау

болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст