Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Тақырыбы: 1цифры туралы өткенді пысықтау.Үлкен,кіші, кішкентай.

17.10.2017

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: 1цифры туралы өткенді пысықтау.Үлкен,кіші, кішкентай. Үшбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу). Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруға үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; «тез», «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау; Қажетті көрнекті құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдар суреті. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, заттық суреттер. Педагог жұмбақ жасырады:

Таңғажайып кірпішті,

Бір-біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайта-қайта қаладым.

                         (текшелер)

Балалар жұмбақтың шешімін табады.

Жұмбақтың шешімі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.

            1-тапсырма.

Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» - деп сұрайды.

1 деген цифрдың бір затты білдіретінін түсіндіреді.

Балаларға бір дөңгелек пен 1 цифрын бояуды ұсынады.

          2-тапсырма.

Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Баладарға 1 цифрына

сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі.

-Неше шәйнекті боядыңдар (бір), неше тақия (бір), неше Күн (бір) боядыңдар?

Сергіту сәті.

Педагог өз қалауынша ұйымдастырады.

         3-тапсырма.

-Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі.

Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін?

-Неге арыстан біріші жетеді деп ойлайсыңдар?

Педагог «жылдам-баяу» түсініктерін 

сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.

           4-тапсырма. -Суреттердің арасынан не ше үшбұрыш таптыңдар? -Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл

қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал, ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар.        Балалар сұраққа жауап береді. Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. -Тасбақа тез жүре ме, арыстан ба? Арыстан тез жүгіреді, тасбақа баяу жүгіреді.

                                                                                                                           

Біледі:1цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі ұғымдарын дұрыс пайдалануды;                                                                                                                        

Игереді:цифрды заттың санымен сәйкестендірудіі көптеген фигуралардың

ішінен үшбұрышты таба білуді;                                                                                                 

Меңгереді:өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кшкентай)

салыстыруды.

 

Просмотров: 1002


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст