Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз» ертеңгілігі

26.10.2017

«Алтын күз» ертеңгілігі

   

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, апайлар, балалар!

Біздің алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

 Балалар бүгін

бізге қонаққа күз патшаймы келеді. Бәріміз қарсы алайық.

 

(Күз музыкамен келеді, күз патшайымымен амандасу)

 

Күз патшаймы: Сәлеметсіңдер ме

балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендер мен туралы не білесіңдер? Сендер

менің тапсымамды орындауға дайынсыңдар ма?

Олай болса бастайық.

   

Жүргізуші:

 Балалар біз күз ханшасын төрге отырғызайық. Ең

алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане балалар дайындаған

көрінісімізді қойып берейік.

    

Көрініс: «Көріністер айтысы».

(Ислам

мен Дария бақшаларына барып көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенеттен күбірлеген

дыбыстар естіледі).

 

Қияр

(Айсана).  Дәмім тілді үйірген,

                          

Мен тұздалған күйімде.

                          

Жақсы піскен кезімде,

                          

Жейді бәрі сүйсіне.

Картоп

(Д.Саежар).  Мен ұялшақ картоппын,

                                    Мен емеспін

мақтанар.

                                    Мені жақсы

көреді,

                                    Үлкендермен

балалар.

                       

Бос айтысты қояйық,

 Дауласуды

тоқтатайық.

 

Пияз

(Лиана).  Боламын мен демеуші,

Барлық, барлық тағамға,

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

 

 

 

Сәбіз

(Айбике).  Кім бар сәбіз шырынын,

                             Жастайынан

ішпеген.

                             Мені жеген

адамдар,

                             Кем болмайды күшке

де.

 

Қырыққабат

(С.Санжар). Мақтанғаннан не

пайда?

                                           

Менсіз дәмді ши қайда.

                                            Мені

қосса самсаға.

                                           

Жейді бәрі тамсана.

 

Қызанақ

(Сабира).   Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

 

Қызылша

(Алинұр).  Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

                                    Менсіз борш

болмайды,

Винегрет те үстелге.

 

Асқабақ

(Нұрислам).  Іші сары, сырты қатты,

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.

Пісіріп жесең ас тамақ,

Мұның аты асқабақ.

 

Ислам:Көкөністер бәрі де ,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

 

Дария:    Барлығың да

дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметтер,

Дастарханның сәнісіңдер.

 

Ән: «Күз келгенде»

муз. Ж.Қалжанова 

Жүргізуші:

Балалар күз патшаймы сендермен

ойын ойнағысы келеді. Дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс және көкөніс

екенін табасыңдар.

 

Ойын: «Дәмін тат та, атын айт».

 

Саңырауқұлақ

кіреді: Сәлеметсіңдер ме,

балалар, мені таныдыңдарма?

 

Балалар: Иә, таныдық.

 

Саңырауқұлақ: Мен ормандаға ең үлкен саңырауқұлақпын. Сендердің

өнерлеріңді көруге келдім.

 

Тәрбиеші: Олай болса сен жоғары шық біздің балалар сізге тамаша би

билеп береді.

 

Би:

Саңырауқұлақтар.

 

Райымбек:  Шоғы толан гүлдей

жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

 

Амина:Қазан айы молшылық

Дәулет қорын

қалаған

Заңғар көкке қол

соғып

Құсар ұшып барады.

 

Дильяра:   Қыстың жақын

қалғаның

Жапырақтар сезгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайңға барып бекінді

Анасынан ажырап

 Қалған

бала секілді. 

Дильнара:  Біреу астық

түсірді

Біреу астық 

ұшырды

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

 

Ержан:Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

 

Батырхан: Сара ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

 

Ибрагим: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Полина.Алтынға тимеймін таңғала,

Судырап жапырақ түскенде,

Жыл сайын ұнатамын, күтемін.

 

Ән: «Жаңбыр»

 

Аружан:  Алтын сары, қызыл,

көк,

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап.

 

Алихан:  Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз – байлық береке,

Алтын күз – мереке.

Бекарыс: Еңбек қызыл қырларда

Бидай толды қырманда

Алтын таулар секілді,     Сап – сары болып тұрғанда.

 

Дидар:  Құстар қайтты қыс

болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп гүл солды

Қараша ызғары басталды.

 

Сабина: Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды.

 

Жанель: Ой балалалар балалар,

Қоңырқай күз келіпті.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

 

Елжан:  Жапырқтар

сылдырлай,

Алтын күз міне келіпті.

Туған жерін қия алмай,

Ұшып бар құстар кетіпті.

 

Марк:   Қыркүйек

қазан,қараша,

Күздің бұлар айлары.

Үлкендер қуанып балаша,

Егіндерін жинайды.

 

Жүргізуші:

Күз мезгіліне сән

көрсету үлгісін қабыл алыңыздар.

Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезін бұзық – ау,

Жаңбырын сіркіреп

Тұрғаның қызық –ау.

 

Күз патшайымы: балалар сендердің сән көріністерің маған өте қатты

ұнады. Қандай әдемісіңдер.

Тәрбиеші: Балалар олай болса біз күз патшаймы мен Саңырауқұлақты

ортаға шақырып ойын ойнайық.

 

Ойын: «Кім жылдам» аталады.

(Ойын шарты: ұлдар себетке көкөніс, ал қыздар жемісті

жинайды).

 

Ән:  «Алтың күз»  орыңдайтын Камила

 

 Жүргізуші:

 Алтын күз, Саңырауқұлақ сіздерге балалардың

өнерлері ұнадыма?

 

Күз: Рахмет балалар бізге қатты ұнады. Ал енді біздің орманға

баратын уақытымыз болды.

Берекелі

бақ – дәулет,

Арта түссін

тойланып,

 Сау болыңдар, балалар,

  Келгенше жыл айланып.

 

Әкелген сыйлығым бар еді соны балаларға

беріңізші.

 

Жүргізуші:

Осымен Алтын күз

мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!!!

Суретке түсіру.


 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст