Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы».
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Жүру барысы: 1. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін: 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. |
Тәрбиешінің нұсқауларын орындайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік
|
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу. 2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу. 3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу. 4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық, Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру. 5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз. |
Әр ойынның соныңда қорытындысы шығарылады. |
Рефлексиялық түзетушілік
|
Жарыстардың қортындысы Командаларды марапаттау. -Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
|
Жарысқа қатысушылар бірін –бірі құтықтайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: команда
болып тапсырмаларды.
Түсінеді: ойын
шарттарын.
Қолданады: секіру,
допты лақтыру, заттарды жылдам алып жүру сияқты дағдыларын.