Ата-аналармен жұмыс
"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген суйіспеншіліктен басталады"
Нұрсұлтан Назарбаев
Отбасы - қоғамның маңызы буыны
және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің
негізі осы шағын ужымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзің
қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
Бала
-
тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.
Отбасы
-
салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты
мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен
жумыста мектеп түрлу амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері
Атақты педогог және психолог Симон Соловейчик,
баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:
• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме;
• Ешбір себепсіз соғыспа;
• Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес;
• Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
• Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
• Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме;
• Біреуге жала жаппа;
• Тазалақты болуға тырыс;
• Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық;
• Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен
ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.
Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе,
өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.
Ата-аналарға көмек :
Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру;
• Балаға жоспар құруға көмектесу;
• Балаға қызық жерлерді нұсқау;
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
• Оған кітап оқып беру;
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
• Қалауын түсіне білу;
• Баламен жеке араласуға уақыт табу;
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.
Түсіністікке әкелетін өмір ережелері
-Өзіндікінен де өзгенің қызығын жоғары қой;
-Жанұяңа адал бол, ешқашан оны сатпа;
-Адал және жауапты бол;
-Басқаларды жақыныңдай көр;
-Өзіңді басқалардың орнына қойып, салыстыра біл;
-Кешірімді бол және ренжіме;
-Өзіңнен және өзгелермен келісімді бол;
-Өзіңе сенімді бол;
-Өтірік пен алдаудан алыс бол;
-Өз ісіңе есеп бере ал.