Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама «Баланы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу»

12.12.2017

Баяндама «Баланы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелеу»

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

 Балаға ас кезінде өзінен гөрі досын құрметтеуді, ас ішудің әдебін үйрету керек. Астан бұрын және астан кейін қол

жуу, асықпай әрі өз алдынан жеу секілді. Балаға кейде қатқан нан да берген дұрыс. Қарапайым ас ішуге дағдыландырған жөн. Сонда бала тек жақсы, дәмді тамақ ішуді талап етпейтін болады.

Қалай болса солай сөйлейтін адамдардан баланы алыс ұстау керек. Өйткені баланы басынан қадағаламасаңыз, көбіне тәрбиесіз, өтірікші, қызғаншақ, тойымсыз, сұқ, мылжың, артықкүлетін, қуәрі ұятсыз болады. Әркім өз баласын бұндай нашар мінездерден тек жақсы тәрбие арқылы қорғайды.

Баладан жақсы қылықтар байқалса, сол үшін баланы марапаттаған дұрыс. Баланы ондайда қуанту керек. Елдің көзінше сол әрекетін айтып, оны мақтаған жөн. Егер кей жағдайларда бала қателік жіберсе, көз жұмып қараған да дұрыс. Баланы ұятсыздыққа итермелемеу керек, айыбын әшкерелемеген жөн. Әсіресе, бала ол қылығын жасырғысы келсе. Керіжағдайда бала қателікті ашық жасаудан қымсынбайтын болады.

Балаға жиі-жиі ұрысқан дұрыс емес. Өйткені көп ұрысу ұрысты ңәсерін жояды. Нашар қылыққа баруды оған жеңілетіп көрсетеді. Айтудың оның көңіліне әсері болмай қалады. Әке баламен сөйлескендегі сұсын сақтауы тиіс. Осы себепті баланы анда-санда ғана ұрысу керек. Ана болса, балаға әкесіне деген құрметті үйретіп, нашар қылықтар даналы сұстағаны мақұл.

Балаға әке-шешесінің байлығымен дос-жарандарына мақтануға жол бермеген жөн. Достарын сыйлауды, кішіпейіл болуды, олармен сыпайы қатынас жасауды үйрету керек. Артық шылық алуда емес, беруде екенін, басқалардан алудың жақсы еместігін, тәрбиесіздік екенін айтқан жөн. Қысқаша айтқанда, бала ақшаға құнықпауы тиіс. Жылан

мен шаяннан гөрі осыны абайлату керек. Өйткені құнығу балалар үшін удан да зиян. Үлкендер үшін де тап осылай. Балаға қалай отырып, тұру керектігін, тәрбие үйретілуі керек. Көп сөйлетпей, көп сөйлеу нашар адамдардың әдеті екенін білдірген жөн.

Біреу сөйлегенде, оны байыппен тыңдатып, егер жасы өзінен үлкен болса, құрметпен тыңдауды үйреткен дұрыс. Өзінен жасы үлкендерге тұрып орын беруді, олардың алдында әдеппен отыруды үйреткен мақұл.

Ата-ананың ұстанымы баланың мінез-құлқының қалыптасуына былайша ықпал жасайды:

1. Билік айтқыш ата-аналардың балалары көбінесе мойынсұнғыш, сыпайы мінезді болып өседі.

2. Шектен тыс алаңдағыш ата-аналардың балалары көбіне аңқау, ырықсыз, қорқақ мінезді болып өседі.

3. Қорғаштағыш ата-аналардың балалары қоғамдық қарым-қатынасқа шорқақ, ұстамды, орнықты болады.

4. Баласын әлпештеп отыратын ата-аналардың балалары жүгенсіз, қарсылық көрсеткіш, ашушаң мінезді болып өседі.

5. Ырқына көнгіш ата-аналардың балалары жауапкершіліксіз, тәртіпсіз, соқтыққыш, қырсық болып өседі.

6. Бала тәрбиесіне елеусіз қарайтын ата-аналардың балалары рақымсыз, тұрақсыз және жасампаздық қабілеті зор болады.

7. Бәрінен қолын қаға беретін ата-аналардың балалары ашушаң, теріс азу, суық бауыр болады.

8. Қатігез ата-ананың ұрпағы қайырымсыз, еркін мінезді болып өседі.

9. Үнемі тәуелсіз көзқараспен жүріп-тұратын, өзіндік принциптері бар үлкендер тәрбиелеген бала еркін, ақкөңіл, қайырымды, ықыласты, қоғамдық байланысқа шебер болады.

10. Бәрін өз дегенімен жасатқысы келіп, дара билеуді ойлайтын үлкендері бар үйде өскен бала иек сүйегіш, кербақпа, тұрақсыз, менмендігі күшті болып өседі.

 

Сондықтан, баланың тамаша мінезі мен ақаусыз санасын жетілдіру үшін, ата-ана да өзін-өзі тәрбиелеп отыруы керек. Күнделікті отбасылық өмірде тамаша жүріс-тұрыс та, көңіл-күй де балаға әсер етеді.

Просмотров: 2045


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст