Елімнің еркіндігі тәуелсіздік.
Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз туралы айтқым келеді. Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл, 26жыл толды. Отан деген-біздің еліміз,әке-шеше,бауырымыз,туған жеріміз. Әр адамда өз Отаны бар. Отан деп біз өз бала бақшамызды,отбасымызды,қаламызды,үлкен Қазақстан Республикамызды айтамыз. Осы мақсатқа орай балабақшамызда өткен ертеңгілік әрбір бүлдіршіннің жүрегінен үлкен орын алатына сенімдімін.Ертеңгілікті балабақшамыздың меңгерушісі Маишева Күлшара Канапияновна ашты .Бүлдіршіндер мен ата- аналарға мерекелік құттықтау сөз айтып,тілек білдірді.Осы ертеңгілікте балалар өз өнерлерін көрсетті. Отан,ел рәміздері туралы өлең шумақтарын нақышана келтіріп оқыды.Топпен және жеке мың бұрала би биледі.Ақсақал мен әжейдің тапсырмаларына белсене атсалысып, ертеңгілікті қызықтыра түсті. Ертеңгілік соңында дәстүріміз бойынша шашу шашылды.
Қонақтар, ата- аналар балаларына биіктен көрінуін, Тәуелсіз еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда деп тілек білдірді. Кішкентай бүлдіршіндерді өз еліміздің патриоты болуға даярлау,біздің міндетіміз.