Астрахан аудандық кітапханасына ертегілер әлеміне саяхатымыз.
Алпамыс балалар балабақшаның Айгөлек тобының тәрбиеленушілерімен аудандық кітапхана саяхатына бардық.
Мақсатымыз: - Кітапханамен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру. Кітапты пайдалану ережесімен таныстыру. Аудандық кітапханамен біріге өткізілген бұл іс шара «Ертегілер әлеміне саяхат» деп аталады. Саяхатымызда балалар қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін еске түсірді. «Алдар көсе», «Қожанасыр», «Мақта қыз», «Бауырсақ», «Жеті лақ» және тағы да басқа көптеген ертегілер әңгімеленіп, талқыланды. Кейіпкерлерді жағымды жағымсыздығын ажырата білуді түсіндіріп өтті. Балалардың ойлау қабілеті мен тіл дамуын арттыр.
Білімнің кілті - кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітап-ғалым, тілсіз мұғалім деп тегін айтылмаған ғой.
Бүгінгі саяхатымызда бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады. Яғни, ертегілер арқылы дарыған рухани болмыс, баланы тәрбиелеуде, оған рухани қуат беру. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап-ең сабырлы ұстаз.
Қорытынды: Қазақ ертегілерін біле жүруге, тіл байлықтарын рухани жаңғыру.