Текст
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Міне біздің да «Алпамыс» балабақшасында «Жаңа жыл» ертеңгілігі өтті. Балалар қуана- қуана ертегі кейіпкерлеріне ән мен таппақтарын айтты, қызықты ойын ойнап шырша жанында айналап биледі. Санаулы сәттерден соң біз жаңа – 2018 жылға қадам басамыз! Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айырықша мереке. Алдағы Ит жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, табыс әкелсін! Еліміздің ырыс –несібесі молынан болып, татулығы арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!