Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тазалық - денсаулық кепілі.

01.02.2018

Тазалық  - денсаулық   кепілі.

  Сабақтың  мақсаты :Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Қимыл  әрекетке  жаттықтыру, еңбек етуге, елін,жерін  қорғауға тәрбиелеу.

  Сабақтың  міндеті: Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілу үшін денсаулығын күтуді  үйрету. Салауатты өмір салтын 

сақтап  өмір  сүруге дағдыландыру.

  Көрнекілігі:Мақал  мәтелдер жазылған  плакаттар, слайдтар көрсетіледі.

Құрал - жабдықтар :Ойынға  арналған (сабын, сүлгі, тіс щетка, пастасы, ысқыш, шампунь, тарақ.)

Сабақ - пәнаралық байланыс:Айналамен  таныстыру, ән күй, дене шынық.

Сабақ  барысы: Балалар  залға кіріп, амандасып,шаттық  шеңберіне тұрады.

Арайлап  таң  атты,

Алтын  сәуле таратты,

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды  қаламыз,

Қайырлы  таң  балалар!

Қайырлы  күн  қоңақтар!

 

Балалар, біздің балабақшада денсаулық  апталығы  және 7- сәуір күні  денсаулық күні екенің сендер білесіндер. Бүгінгі  біздің  оқу іс- рекетіміздің Тақырыбы: «Тазалық - денсаулық  кепілі» денсаулық  күніне арналады.

  Балалар, сендер қалай  ойлайсындар, адамның  көңілді болуы  неге байланысты болады ?

Дені сау адамның  көңілі  орнықты, тәбеті жақсы болады. Денсаулықтан  артық бақыт  жоқ. Денсаулықты  күтіп, аурудын  алдын алуға  табиғаттың, қоршаған  ортаның ықпалы  көп. Күннің, таза ауаның, судың  маңызы өте  зор.

Балалар ,  «Күн тәртібі» тақырыбына  слайд  қарайық.

-Адам  не үшін  жуынады?

-Сендер  қолдарынды, беттерінді  қай  уақытта жуасындар?

-Жуынбай жүрген  бала  қандай бала?

-Салақ  бала  неге ұшырайды?

Таң  қалдыру сәті: «Кір қожалақ» бала келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар,  менің  атым Айнұр.

 Мені балалар  «Кір қожалақ» деп  атайды. Ойнамайды, дос  болмайды.

Маған көмектесіңдерші, ақыл  кеңес беріңдерші.

Жүргізуші : Айнұрға көмектесейік. Ақыл - кеңес берейік. Шашынды  тарасайшы. Үстінді, беті - қолынды  жусайшы.

  Нисанұр : Үстін көрсең  кірлеген,

              Айғыз- айғыз  түр  деген.

            Тарамаған  шашы да,

            Барғың  келмес  қасына.

  Аяна : Сылдырлайды мөлдір су,

            Мөлдір  суға  қолын жу .

             Жуынсан  сен әрдайым,

            Таза  бетін  маңдайын,

            -Тазалықтың  досы, Су- деген осы.

  Сабындаған кезінде,

Ашытады көзінді.

Бола  білсен  төзімді

Тап - таза етер өзіңді.

Тазалықтың  досы,

Сабын  - деген  осы.  

Томирис : Ақ  мақтадай түсі бар.                   

Қызыл  жасыл  түрі бар.                   

Жұмсақтығы  мамықтай

Сүртінесің  жалықпай            

Тазалықтың  досы, 

Сүлгі -  деген  осы.

Мөлдір:Қарсы ал ерте  күн көзін,             

Төсегіңді  жина  өзің.               

Салдыр  салақ  болмағын,              

Саусағынды  сормағын              

Әдет қыл бұл ісіңді,  

Тазалап  жүр тісіңді.

 

«Тіс ауруы» сахналық  көрініс.

Қолтырауын: Ой, тісім, қақсап барады. Жанымды қоярға жер жоқ.

   Торғай: Қолтырауын, жылама. Қолтырауын, саған не болды?

Қолтырауын:Енді  не істеймін.Тісімнің  ауырғаны  қоймай тұр.

Торғай : Онда дәрігер апайды шақырайық.

Дәрігер: Қане, аузынды  аш, көрейін.

Тісін  емдейді. Қолтырауын  рахмет айтады.

  Мирас : Кәмпит жесең көбірек,

 Тісін  жүрер мазалап.

Не  жесең  де күніне,

Екі рет  жүр тісінді тазалап.

Сергіту сәті: Балық  болып  жүземіз.

Шынығамыз суда  біз.

Шынықсақ  біз бәріміз,

Шымыр  болып  өсеміз.

1,2,3- аяққа  күш

Таңертең  тұрамын,

Бетімді  жуамын,

Тісімді тазалаймын,

Шашымды  тараймын

Тап  таза боламын.

  Адамдар  қимылдаса, сергіту сәтін  жасаса, қан айналып жақсарады, ауырмаймыз.

Жаттығу  көрсету.  

Ойын : «Біздің денсаулыққа, тазалыққа  не керек?

  Шарты :Үстелдің үстіне тазалыққа, денсаулыққа қажетті  әртүрлі заттар және  ойыншықтар,

оқу  құралдары  қойылады. Балалар сол заттардын арасынан тек тазалыққа және денсаулыққа 

қажетті заттарды таңдап алулары керек.                  

  Жұмбақ шешу:

1.Ертемен күнде сен.

Қолыңа сүйкесен

Кетіп кір, ласың

Тап таза боласың

Бұл не? (Сабын)

  2.Шомылған баланы,

Аймалап  алады.

Сүртеді қолыңды,

Сүртеді жоныңды.

Бұл  не? (Сүлгі)

  3.Жылы және құйын жаңбыр,

Бұл жауын бірақ жай  емес.

Аспаны  жоқ, бұлты жоқ,

Күні  бойы  жаууға әзір. (Душ)

  4.Аюменен қасқырдан  да,

Ұзын  менің  тістерім,

Бірақ  жыртқыш аң емеспін,

Шаштарға мен сән беремін. (Тарақ)

  Ойын : «Кім көп шарик жинайды»

Денсаулық туралы мақал  - мәтел  айтайық:

  Дамира : Тазалық - саулық  негізі

               Саулық -  байлық  негізі.  

Еркін : Денсаулық - зор байлық.

  Камила : Дені саудың - жаны сау.

  Жан  ауырса -тән  азады.

Қатты  басса -жан  азады.  

Дәрігер :Балалар, дендерін сау, мықты болу үшін денені шынықтыру, тазалықты сақтап  жүру  және 

көкөністер  мен жемістерді  жеу керек. Өйткені  онда  дәрумендер көп болады. Мен сендерге базарлық алып келдім  деп, қол себеттегі  алмаларды  береді.  

  Қорытынды

Балалар бүгінгі  оқу іс әрекетіміз не жөнінде  болды?

Өте  жақсы балалар.

Мен сендерге  әрқашанда  дендерін сау болсын, таза, ұқыпты бала  болуларына  тілектеспін. Сау  болындар.

 Бірінің артынан  бірі  саппен жүріп айтады:

Денсаулықты  сақтайық

Шынығайық баптайық,

Дені саудың  -жаны  сау,

Жаман  жолға  баспайық.

Тән саулығы, тазалық,

Таза  бала болайық,

Бойымызды  күтелік,

Қалсын  бізден шалалық.

Просмотров: 1017


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст