«Ойлай біл де, ойнай біл!» сайыс сабағы
Мақсаты :Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып өз күшіне сенімділігін арттыру, досының қуанышына сезіне білуге адамгершілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: слайд, мнемотаблица, конверттер
Қонақтармен амандасу.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сайыс сабағымызды бастаймыз. Далада жылдың қай мезгілі? / Далада жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде неше ай бар? / Қыс мезгілінде үш ай бар.
Қыс айларын атап шығады? / Желтоқсан, қантар, ақпан.
Апта күндерін атап беріндер? /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бүгін қай күн? .
Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, енді біз сендермен ойын ойнаймыз,алдымда конверттер жатыр ішінде әр түрлі тапсырмалар бар соны мен оқимын, ал сендер сол тапсырманы орындайсыңдар.
1-ШІ ТАПСЫРМА: «Біздің балабақшада».
-Біздің балабақша қалай аталады?
- «Алпамыс»
Біздің балабақша қандай?
- Біздің балабақша үлкен, әдемі,әсем, таза,кең,жарық
-Біз балабақшада не істейміз?
- Балабақшада - оқимыз, ойнаймыз, билейміз,тамақ ішеміз, әң айтамыз, жуынамыз, ұйықтаймыз.
-Балабақшада кім істейді?
- Тәрбиеші, күтуші, аспазшы, дәрігер, мұғалім. (олардың аты-жөндерін айту)
-Балабақшада тәрбиеші (күтуші, аспазшы, дәрігер, мұғалім) не істейді?
- Балабақшада тәрбиеші оқытады.
-Балабақшада күтуші тамақ береді.
-Балабақшада аспазшы тамақ пісіреді.
-Балабақшада дәрігер емдейді.
- Жарайсыңдар, балалар! Бұл тақырыпты жақсы біледі екенсіңдер.
2-ШІ ТАПСЫРМА: «Әріп әлемі»
-Кім мына әріптерді біледіі?
(А С И Л М Д К).
-Кімнін аты осы әрптен басталады?
(айтып көрсетеді)
-Рахмет, өте жақсы. Енді менің тапсырмамды орындаңдар.
-Жарайсындар, бұл тапсырмаларды да орындап шықтындар.
3-ШІ ТАПСЫРМА: «Қай сөз артық?» дидактикалық ойын
1. Үйрек, тауық, қаз, ана
2. Сары, көк, қызыл, қасқыр
3. Қуыршақ, аю, жасыл, доп.
4. Тіл, піл, тіс, мұрын.
5. Түлкі, ешкі, қоян, арыстан
- Жарайсыңдар, бұл тапсырманы да өте жақсы әрі дұрыс орындадыңдар.
4-ШІ ТАПСЫРМА: Сергіту сәті
5-ШІ ТАПСЫРМА: «Ойын: «Телефон» (Екі бала бір-бірімен телефон арқылы сөйлеседі)
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе?
- Сенің атың кім?
- Менің атым Аружан
- Аружан, отбасыңда кім бар?
- Анам, ағам.
- Анаңның аты кім?
- Анамның аты Сауле
- Ағаңның аты кім?
- Ағамның аты Даулет
- Сен неше жастасың?
- Мен 5 жастамын.
- Рахмет.
- Сау бол!
6-ШІ ТАПСЫРМА:
«Сөйлем құрау»
Сызба, мнемотаблица пайдалана отырып сөйлем құрастыру.
МЫСАЛЫ: Суретте кыс мезгілі.
Қыс мезгілінде қар жауады.
Қыста суық, аяз, боран болады.
Қыста шана, шаңғы тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, сендердің бүгінгі сабақтағы жауаптарына мен өте ризамын. Әрқашанда өздеріңді жақсы көрсете беріңдер .Ал бүгін сабағымызға апайлар келіп отыр соларға жақсы тілектер айтайық. Сау болындар!