Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұжымдық жұмыс дағдысын дамыту, ертегі кейіпкердерін ажырата білуге, ертегіге деген сүйіспеншіліктерін арттару.
Көрнекілік: Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлерінің маскалары,
Әдіс–тәсіл: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ қою, жауап алу
Билингвалді компанент: Ертегі-Сказка,Саяхат-Путешествие.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: «Амандасу - Сәлемдесу».
Сәлем саған, алтын күн,
Сәлем саған, жер ана.
Сәлем саған көк аспан,
Сәлем біздің апайлар.
Сәлем менің достарым!
Жылуыма жылу қос ,
Мінекей менің қолым бос!
Бүгінгі сабағымызды бастайық !
Балалар сендер ертегі әлеміне барғыларын келе ме?
-Ия
Ендеше Балалар сендер ертегі әлеміне бармас бұрын қандай ертегілерді білетіндерінді еске түсірейік. Ендеше балалар орнымыздан тұрып, бір біріміздін артымыздан тұрайық. Орман ішіндегі жол жінішке, сондықтан бір-бірімізді ренжітпей саппен жүрейік. Сендер білесіңдер ме?
Орманға жақындай бере кішкентай үй тұрады.
Балалар қарандаршы, қандай әдемі үй.
Ғажайып сәт:
Балалар үйге жақындап келсе, үйдің қасында орындықта әжей отыр екен.
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер бұл ертегілер әлемінді не іздеп жүрсіңдер?
-Әже біз көптеген ертегілерді білеміз, бірақ біздің тағыда көптеген ертегілерді білгіміз келеді, сондықтан ертегі әлеміне келдік.
-Жарайсыңдар балалар. Ендеше мен сендерге мына орама жіпті берейін, осы жіп сендердің қаншалықты ертегілерді
білетіндернді тексеріп көрсін.
Балалар оралмалы жіпті алып алдарындағы жолға лақтырып артынан еріп кетеді.
Жіп домалап қорапшаға тіреледі. Тәрбиеші қорапты алып, ашып, хат алады.
Тәрбиеші хатты ашып оқиды.
-Балалар егерде қызықты ертегілерді білгілерін келсе, сендер менің тапсырма жолдарымнан өтулерін керек.
1-тапсырмам мынандай, жұмбақтарымның шешуін тауып көріндер.
1-ші: Жұмбақтар.
Үйін жинап ертеңмен,
Миіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі? (Мақта қыз )
2-ші:
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта аламады.
Бұл қай ертегі?
3-ші: Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп бір азаңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұлқай ертегі?
4-ші: Орманда бір үйшікте ,
Үш бірдей жануар тұрыпты
Бірі үлкен, бірі ортаншы, ал тағы біреуі кішкентай.
5-ші кішкентай қыз әжесіне бәліш апарып қасқырға алданып қалады.
-Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы да орындадыңдар, ары қарай жүрейік.
Домалнған жіп сиқырлы бір сандықтың жанына домалап тоқтайды.
2-тапсырма. Мына сандықтын ішінде қандай ертегі жасырылған?
"Шалқан" ертегісін саханалап береді.
Тамаша балалар бұл тапсырманы да орындадыңдар.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен
Теріп,теріп алайық қалтамызға салайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалды сыбдырды,
Ойлы қырлы ,жерлермен
Ытқып, ытқып секірді,
Қарап еді артына қиығын сап көзіңнің
Келе жатқан томпандап көжегі екен өзіңнің.
3-тапсырма Ұжымдық жұмыс бауырсақ ертегісі мен мақтақыз ертегілерінде қандай кейіпкерлер кездеседі? Апликация.
Сұрақтар:
- «Бауырсақ» қандай?
- Ол кімнен қашып кетеді?
- Бауырсақ кімдермен кездеседі?
- Бауырсақты кім жеп қояды?
Тапсырмалар аяқталды.
Жіп домалап қайта әженің үйіне келеді.
Әже: Жақсы, балалар, жарайсыңдар менің тапсырмаларымды тамаша орындадыңдар, сендер ертегілерді оқып, біліп
жүріндер. Менің сендерге сыйлығым бар. Әр балаға ертегі кітап беріледі.
5.Қорыту.
- Бүгін сабақта сендер не істедіңдер?
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
-қандай тапсырма сендерге қызықты болды?
Балалардың жауаптары.
- Міне, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Ертегі әлеміндегі тапсырмаларды орындап, ертегілерді жақсы көретіндеріңді,білетіндеріңді дәлелдедіңдер.