Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Егер балаңыз солақай болса не істеуге болады»

12.02.2018

«Егер балаңыз солақай болса не істеуге болады»

Сіз солақай адамдардың белгілі суретшілер Микеланджело мен Леонардо да Винчи; рим императоры

Юлий Цезарь; ғалымдар И.Л. Павлов, Дж.К.Максвелл; атақты қолбасшылар  А. Македонский мен Наполеон; актер Чарли Чаплин жәнет.б. болғандарын білесізбе?

Сіздің балаңыз да белгілі тұлғалар тізімінде. Ол сіздің көмегіңіз бен қолдауыңызды қажет етеді.

Солақай балаларды қайтадан үйретуге болмайды- ол сіздің балаңыз үшін келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін

(жүйкенің тозуының пайда болуы, зейінінің тұрақсыздығы, әлсіреуі).

Балаңызға көмектесуге мүмкіндік беретін барлық шараларды қолдануыңыз қажет.  Сол қолын жаттықтырып дайындауыңыз қажет, себебі балаңыз көбінесе сол қолмен жұмыс істеп, қалам ұстап, жазады.

Бұл жаттығулар оң қолмен жазатын балаларға да арналып ұсынылған.

Саусақтарға арналған гимнастика:

Қолдың алақандары үстел үстінде; ең алдымен сол қолдың саусақтарын кезек-кезек көтеру, кейін оң қолдың саусақтарын келесі ретпен жаттықтыру.

Сол қолдың білезігін тік ұстау және кезек-кезек аты жоқ саусақты шынашаққа қосу, ортаңғы саусақты сұқ саусаққа және т.с.с.

Сол жақ алақанды үстелге тығыздап қойып және кезек-кезек ортаңғыны, кейін сұқ саусақты, бас бармақты, қалған саусақтарды бүгу, ал қалған саусақтар осы кезде ақырындап жоғары көтерілуі тиіс.

Сол қолдың саусақтарын жұдырық қып жинау және қолдың білезігін жан-жаққа айналдыру.

Сол қолды шынтаққа қою, саусақтарды кеңіре кашып, кейін ақырындап қосу және қолды түсіру.

Кішкентай шарды үстелде жан-жаққа бұра отырып домалату (немесе өшіргіш). Үстелде таяқшаларды түзу қойып шығу және т.б.

Бала кейін әріпті жазуда қателеспес үшін, әріптердің жазба түрін қиғаны дұрыс (олар үлкейтілген болуы тиіс) және оларды элементтерге бөлу. Сіздің балаңыз осы элементтерден әріпті құрастыра отырып, әріптің қай ретпен жазылатынын есте сақтайды.

Просмотров: 732


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст