Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық күні Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс

14.02.2018

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылды қіскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қалақтар, шығыршықтар.

                       Өтілу барысы:                                                                                                                               

I. Ұйымдастыру бөлімі: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Әуенмен

спортшыларымызды қарсы алу.

Кіріспе бөлім: Балаларды ортағашақыру. 2 топқа бөлу.

1 – топ «Жұлдыз» Жұлдыз – топтан қалмай жарыс, Ура!

2 – топ «Қыран» Қыран құстай самғаймыз, Топтардан біз қалмаймыз.

Негізгі бөлім: Дене қыздыру жаттығулары «Қара жорға» биімен жасалады.

1) Қаппен секіру

Балалар қаптың ішімен жүріп өтіп, мәредегі қапты барып алып келіп келесі балаға береді, қаппен секіріп барып, секіріп келіп келесі ойыншыға береді, ойын ары қарай жалғасады. Қай топ бірінші береді, сол жеңімпаз атанады.

2) Ендігі сайыс «Самакат»

Спорттық самакатпен, фишкаларды құлатпай, арасында тұрған кедергілер арқылы мәреге жетіп қайта келу керек.

3) Доп безгек қағады,

Секіріп еденге. Секіру сондай – ақ, Доппенен оңай – ақ. «Көңілді доптар» сайысы. Секіргіш доптармен секіріп мәре сызығына жетіп, қайта секіріп қайту.

4) «Ғажайып дорба» ойыншықтарды жинату.

Ойыншықты алып, алда жатқан дорбаның ішінен өтіп барып мәре сызығында тұрған ойыншық салғышқа жинау.

5) Егер пингвиндер Антарктидада ғана мекендейді десеңіздер қателесесіздер.

Қазір бізде «пингвиндер» сайысы.

Допты екі аяғының арасына қыстырып, арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей жүгіріп өту.

6) Ұлттық ойын «Арқан тартыс» арқанның екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады.

Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға алғыс айту. Қош дейміз әлі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар!

Просмотров: 883


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст