"Алпамыс" балабақшасында "сөйлейтін қабырғалар"байқауы өткізілді.
Байқау-конкурстың мақсаты мен міндеттері: үлгілік оқу бағдарламасының нақты ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасау. Байқау-конкурстың міндеттері: балалардың шығармашылық және ойын қызметін ынталандыру; бірлескен қызмет барысында балалардың шығармашылық қарым-қатынасы үшін жағдай жасау; мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, педагогтардың, балалар мен ата-аналардың өзара іс-қимылына ықпал ету; педагогтардың құзыреттілігін арттыру.
Байқауға дайындық 1 айға созылды. Тәрбиешілер, балалар, ата-аналар байқауға мұқият дайындалды. Конкурсты қорытындылауға балабақшаның педагогикалық қызметкерлері мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.