Текст
23 қазанда Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында біздің бақшамызда барлық жас топтарында тақырыптық әңгімелер өтті.
Биыл Қазақстанда көптеген жылдар ішінде алғаш рет ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Бұл күн елде 13 жыл бойы атап өтілмеген. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
25 қазан - Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.