Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МКҚК “Алпамыс” Астрахан балабақшасы” Ашық есік күні

20.11.2019

МКҚК “Алпамыс” Астрахан балабақшасы”

Ашық есік күні

Мақсаты:Ата - аналар менпедагогтар арасындасенімді қарым - қатынасты қалыптастыру, балаларды бірлесіп тәрбиелеу міндеттерін анықтау және оларды іске асыру.

2019 жыл 21 қараша күні балабақшамыздың есігі қонақтарымызға ашық болды. Біздің іш - шарамызға келген ата - аналарымызды қуана қарсы алдық. Ашық есік күні ата - аналармен жұмыс жасаудың бір түрі болып табылады, ол оларға мектепке дейінгі білім беру мекемесімен, тәрбие - білім беру үрдісінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді. Әр бір ана өз баласы балабақшада не істейтіні қызықты сондықтан да, ашық есік күнін ұйымдастырып отырмыз.

Әдіскер Мухаметжанова. Е.В. тіркеуден соң ашық есік күнінің жоспарымен таныстырды. Меңгеруші Муканова. Г.С сөз сөйлегеннен соң аналарды топтарға саяхат жасатты. Ата - аналар баланы дамыту және оның денсаулығын нығайту үшін қауіпсіз, педагогикалық сауатты, психикалық қолайлы орта құрылған әдістемелік кабинетке, топтық бөлмелерге барды.

Сонымен қатар ата- аналарға санаторлық “ Солнышко” тобы тәрбиешісі Баева. Н.М және естияр “Затейники” тобы тәрбиешісі Циммер В.И. ашық оқу іс- әрекеттерін көрсетті.

Балабақша мейірбикесі Приходько О.В ата -аналарға бала денсаулығына байланысты кеңестерін берді.

Педагог -психолог Скрыль У.Б “Балабақша балалар көзімен” атты тренинг өткізді.

Әдіскер Мухаметжанова Е.В “Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру” атты доклад оқыды

Сонымен қатар музыка жетекші Искакова С.Р мен хореограф Садуахасова Н. естияр мен ересек топ балаларымен бірлесіп ұйымдастырған концерт тамашалады. Ашық есік күнінің соңына қарай аналарға  балабақша тағамдарынан ауыз тигізді.

Ата - аналар алғыстарын білдіріп, хош айтысты.

Просмотров: 754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст