Текст
МАҢЫЗДЫ!!
Құрметті ата-аналар, кезектің қалыптасуы мен жұмыс істеуді автоматтандыру және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру жөніндегі нұсқаулықтың 46-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша) akmola.kz жүйесінде орынсыз қосымшаларды анықтау бойынша өтініштер қабылдануда. Сіздерге akmola.kz дерекқорына барып, қызығушылықтырастау үшін ЭЦҚ қолдану қажет.Мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға қызығушылық расталмаған жағдайда, (10 күн аралығында) өтініштер тоқтатылады, кезек орны тек (ағымдағы жылға) дейін сақталады.