Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайлаңыз – жұқа мұз!

14.11.2019

Абайлаңыз – жұқа мұз!

Көктемгі күннің сәулесімен су айдындарындағы мұздар жұқа және сынғыш болып келеді. Осы кезде оның үстіне шығу өте қауіпті.

Бірақта көп адамдар сақтық шараларына назар аудармай көктемгі жұқа  мұздың үстіне шығады, сонымен олар өз өмірлерін өлімге тігеді.

Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың негізгі себептері болып, жұқа мұз үстіне автокөлікпен шығу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру және балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.

Көктемгі жауын мен мұз көшкіндері кезінде тыйым салынады:

-         Мұзбен жабылған су айдындарына шығу;

-         Мұз көшкіні кезінде өзендер арқылы жүзіп өту;

-         Мұз кептелісі орындарында өзенге жақын келуге;

-         Құлайын деп тұрған жағалауда тұруға;

-         көпірлерге, плотиналарға және өткелдерге жиналуға;

-         мұз кептелістеріне жақындауға;

-         жағалаудан мұздарды итеруге;

-         өзендердің немесе барлық басқада су қоймалары тереңдігін өлшеуге;

-         мұз үстімен жүруге немесе сырғанауға.

 Мынаны білу керек:

-          Бір адамды көтеретін мұздың қалындығы -10 см кем болмау керек;

-         жаяу мұздың үстінен өтуге -15 см;

-         автокөлікпен өтуге- 30 см  аз болмау керек.

Егерде ауаның температурасы  үш күн 0 градуста тұрса, мұздың беріктігі  25% азайады.

Егер Сіз мұз астындағы суық суға құлаған жағдайда не істеуіңіз керек:

абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, деміңізді сақтаңыз;

қолыңызды екі жаққа жайып, мұздың шетінен ұстануға, денені көлденен ұстауға тырысыңыз;

көмекке шақырыңыз: «Батып барамын!»;

кеуденізбен мұздың шетіне сүйеніп, алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды қойып мұздың үстіне шығуға тырысыңыз;

егерде мұз сынбай, үстіне шыға алсаңыз, аунап келген жағыңызға қарай өрмелеңіз, ол жақтағы мұз сіз келген кезде беріктікке тексерілген.

Зардап шеккенге тез арада және абайлап көмек көрсету керек:

егерде төтенше жағдай жағаға жақын жерде болса және зардап шеккен, жедел қимыл – қозғалысқа шамасы келсе, онда қол астында бар жіптің, шарфтың, ұзын ағаштың, тақтайдың, басқыштың бір жағын беру керек;

зардап шеккенді мұзды судан алып шыққан сон, жылытып, жылы бөлмеге жеткізіп, киімін ауыстыру қажет, тәтті тағамдар беру керек (қант, варенье, шоколад), (отырып тұрғызып, қолдарын жайғызып, беті мен мойындарын ысқылау) жылыну үшін, қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақыру керек.

Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.

Просмотров: 679


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст