Текст
2025 жылдың 22 мамырында «Алпамыс» балабақшасында педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санатын беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында ұстаздардың «Ұстаз» үздіксіз білім беру алаңындағы материалдары қаралды.
Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар қызметкерлерге кәсіби құзыреттілігін және жарияланған санатқа сәйкестігін растайтын біліктілік санаты берілді.