Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Наурыз мейрамы» мерекесінен репортаж

01.04.2025

Мақсаты: Балаларды көктемгі «Наурыз» мерекесімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылықтарын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Наурыз мейрамы – Қазақстанның көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы жаңа жылдың басы және көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. Ертеде мейрам келмей тұрып үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, мереке құрметіне ағаштар мен гүлдер отырғызатын. Наурыз мейрамы таза үйге иесі жақсы кірсе, ауру-сырқау, сәтсіздік, қиыншылық оның жанынан өтеді деп есептелген. Мерекенің келуімен қазақтар мерекелік киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа келіп, құттықтауларын айтып, келер жылдың берекесін тілейді. Біздің қазақ жеріне көктем мерекесі Наурыз келді. Ойын-сауық барысында балаларға «Қыз қуып жет», «Арқан тарту», ​​«Киіз үй», «Теңге жынау» ойындары, ән мен тақпақтар арқылы қазақ мәдениетінің ұлттық нақыштары таныстырылды. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, қазақтың жаңа салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен, ойындарымен танысты.

Просмотров: 93


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст