2016 жылғы күнтізбеде 1 наурыз-Қазақстанда ерекше күн. Көктемнің алғашқы күні Ашық жүректердің нұры мен қуанышына толы. Ол Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың бір-біріне және өз уақытында жер аударылған халықтарға мейірімділік танытқан, оларды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні болды. Бірінші наурыз Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылған күні болып табылады.
Бұл күні біздің өмірімізде мағыналы және шексіз жақсы сөз – "рахмет" сөзінің болуын атап өту керемет дәстүрге айналды. 1 наурыз қазір "сыпайылық мерекесі", "ең сыпайы күн" деп аталады.
"Алпамыс" балабақшасында осы күні балалармен әңгімелер, сабақтар өткізіледі. Олардың мақсаты "Алғыс айту күні" мерекесімен таныстыру, "халықтарға Алғыс айту күні" ұғымын тарату, балаларды қайырымды, ризашылықты және жомарт адамдар болуға, татуласуға ұмтылуға шақыру болып табылады.