Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинардың қорытынды ақпараты

26.02.2021

26 ақпан күні "Алпамыс "балабақшасы" МКҚК  "Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану тәжірибесі" тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды

Семинар жұмысына білім бөлімінің әдіскері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың, шағын орталықтардың педагог-практиктері қатысты.

Семинар онлайн режимде, ZOOM платформасында өтті, 35 педагог қосылды.

Семинар меңгерушінің м. а. Г. С. Муканованың алғы сөзімен басталды, ол тыңдаушылардың назарына "Балабақшадағы өмір" бейнеролигін ұсынды, әрі қарай қазақ тілі мұғалімі Х. Н. Сарсенбаева "Алпамыс "балабақшасында жүргізіліп жатқан «Болашаққа бағдар" Рухани Жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру"тәжірибесімен бөлісті. Циммер В. И. "«Қозғал, дамы, шынықтыр»  баяндамасымен және презентациясымен өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесін бөлісті.

Тәрбиеші Н.М. Баева . Никитиндер әдістемесін қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Педагог-психолог Скрыль У.Б  тренинг элементтерінен  " Педагогтардың эмоционалды күйзелісі " атты шағын кеңес берді.

Музыкалық жетекші Искакова С.Р. музыкалық-ырғақтық қызметте заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Тәрбиеші Жунусова Г.Қ «Ұлттық ойындар арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру» атты баяндама оқып, қазақ ұлттық ойындарын  дамыту қызметінде, бос уақытында, ертеңгіліктер мен серуен кезінде қалай қолдануға болатыны туралы ашып айтты.

Тәрбиеші Г. К. Бондарева "Мектепке дейінгі балалардың логикалық-математикалық түсініктерін дамыту мақсатында Дьенештің логикалық блоктарын пайдалану" жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Тәрбиеші Усенко Н.А. тыңдаушылардың назарына Мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді дамуы үшін дамыту ойындарының кешенін ұсынды.

Ертегілердің көмегімен баланың сөйлеуін қалай дамытуға болатындығын -тәрбиеші Г. Г. Болдырева " Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту " баяндамасымен осы тақырып бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтады»

Әдіскер Е.В. Мухаметжанова «Воскобовичтың ойын технологиясын балабақшаның білім беру процесіне енгізу» туралы баяндама оқыды

 Семинар соңында меңгеруші Г. С. Муканова тыңдаушылардың назарына музыкалық жетекшісі С. Р. Искакова дайындаған музыкалық нөмірін ұсынды, сондай-ақ «Бүгінгі күнді еске алсам, алғашқы есіме түсетіні...»  рефлекциясын өткізді.

Семинарға қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін, материалды жақсы әдістемелік деңгейде кәсіби дайындалуын, сондай-ақ,  іс-шараны жақсы ұйымдастырылғанын  атап өтті.

Барлық қатысушыларға семинар материалдары жіберіледі.

Балабақша ұжымы аталған семинарға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреді.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст