Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-ана сөзі – тәрбие көзі

13.11.2017

Мақала

Ата-ана сөзі – тәрбие көзі

  Ұлы ғалым философ Әбу Насыр-әл-Фараби былай деген екен: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»-дейді. Ғалымның сөзін арқау ете отырып, бүгінгі күн балаларды азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін Тағы да арттыра түсуде. Бала саналықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз отбасында бойына сіңіреді. Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен отбасында танысады. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам-оның ата-анасы. Ал ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаев былай деген сөзі бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен де күшті  етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір үріп отырған заманына қарағанда өте күрделі де талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Баланың дамуына ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысу қажет. Ата-аналарөз баласына отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен ырын, тағылым талғамға әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың еңбегі, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі.   Бала әкеден ақыл, ал анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, керісінше жылы, ақылды сөздерді айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді. Және де ата-аналарға мына көзқарастарға  назар аудара деймін. Ең алдымен  баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп  жәй көзбен қарамау керек, өйткені ол да жетіліп келе жатқан тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып ол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. Баланың өз ісін уақытымен істеуге күнде қадағалау және баланың әрбір ісін қадағалап, оған деген көзқарасыңызды қалай болса да нәтижеге жеткізу керек. Қандай жағдай болса да ұрпағын, жауын мен жел өтінен, жаман жерден қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге   ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы деп санаймын.

Просмотров: 1035


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст