Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнеге отбасынан

09.01.2018

Өнеге отбасынан

Баланың ыстық –суығына сүйінбейтін, күйінбейтін ата- ана, отбасы жоқ. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.  Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзеді. Ата- ана балаларына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екі талай, ойткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына өте еліктегіш келеді. Жақсыны да,жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгіров: «Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас»,-деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екені айтады. Әдетте, көпшілік ата –ана баласының дені сау, тамағы тоқ, киімі бүтін, теріс әдеттерден аулақ болу жағына барынша көңіл бөледі де, оның бойында жастайынан жақсы қасиет, сынық мінез қалыптастыруға онша мән бермейді.

Соның нәтижесінде балаларда тым ашушаң, өзімшіл, тәкаппар немесе жуас, өте тұйық, сондай –ақ ұрыншақ мінездер қалыптасады. Мұндай күйге ұрынбас үшін балада жақсы мінез қалыптастыру мәсілесіне де сәбидің бесіктегі кезінен бастап –ақ мән берген жөн.

«Аспандағы айды алып бер» деуге дейін баратын сәбидің айтқанының бәрін бұлжытпай орындап, бәйек бола беретін әке-шеше, сөз жоқ, өзімшіл, өркөкірек, «әзірге мәзір» жалқауды тәрбиелеп өсіргенін өзі де байқамай қалады. Керісінше, баланың талабына зер салған ата-ана оны орындау аса қиындық туғызбаса да, оның денсаулығына, тәрбиесіне тигізер пайдасы мен зияның іштей сарапқа салып, өзара ақылдасып барып шешім жасайды. Бала мінезінің жағымды, жағымсыз болып қалыптасуы үйелмен ортасына, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасына

да байланысты. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан бір-біріне «қайырлы таң» тілеп, ілтипат көрсетуден бастап, өзара дауыс көтермей мәдениетті жұмсақ сөйлесіп, қарым-қатынас жасайтын үйдің балалары да  сынық мінезді, ұқыпты, жинақы болып өседі. Ал ұрыс-керіс жиірек болатын үйелмендегі сәбилерде дөрекі, ызақар, ашушаң не барынша қорқақ мінез

қалыптасады. Сондай-ақ үйелмен мүшелерінде өзара сыйластық болмаса, оны бала тез сезеді. Мұндай үйелмендегі сәбилер жаман әдетке үйір, ұғымталдығы төмен, мінезі нашар келеді. Демек, үй-ішінде өзіне бақылау жасамаған, өзін дұрыс ұстай білмейтін ата-ананың, бала тәрбиесіне немқұрайды қарауы ұрпағының болашағына балта шапқанмен бірдей. Баланы көп ұрсып, жазалап, сөге беруде жігерін құм етіп, ашындырып жібереді. Мұндай әдет дұрыс тәрбие құралы емес. Бала қылығын ескерусіз қалдырмай,үнемі көңіл бөліп, кемшілігін дер кезінде түсіндіріп

отырса, теріс кете қоймайды. Әркімнен табыла бермейтін жақсы қасиеттердің  бірі-кішіпейілдік пен әдептілік. Бұл да

баланың бойына жасынан дарытылуға тиісті асыл қасиеттер. Ересек адамдар көбіне сәбидің ісіне балалықтың әсері деп қарайды да, оның кейіннен әдетіне айналатынына онша мән бермейді. Сондықтан баланы өзіне тапсырылған істі

тындырымдылық пен орындағанда, жақсы оқиғаны, талабы, әдептілігі үшін мадақтап, бірақ оған дағдыланып кетпеуін қоса ескертіп отырған да артық емес. Сол сияқты баланың титтей де кемшілігін ескерусіз қалдыруға болмайды. Тәлім–тәрбиеде ешқандай ұсақ түйектік жоқ. Демек, «не ексең, соны орасың» дегендей, бала бойындағы қандай да жақсы не нашар қасиеттер оған берілген тәрбиенің жемісі.

 

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст