Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесі -игілікті іс.

01.02.2018

Бала тәрбиесі -игілікті іс.

Бала. Бала дегенім кім ол……. Әр адамның ойындағы, арманындағы бала қандай екен? Өмірге келгенде шынайы баланың мінезі кандай болуы мүмкін және тәрбиелеудегі ата – ананың рөлі бүлдіршін үшін қаншалықты маңызды екенін анықтау қиындық тудырмас.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы адамдар – бұл отбасыдағы адамдар, яғни ата – анасы болып келеді. Қазақ халқы бекер айтпаған «Баланың бас ұстазы – ата -ана». Сондықтан ата –анасының атқаратын рөлі өте маңызды.

Ата – ана бүлдіршіннің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Әр отбасыда сыйластық, түсіністік, жауапкершілік сезімдері болуы тиіс.

Сонда ғана бұл отбасы – бақытты болып саналады. Тек бақытты отбасыда бала өзін еркін ұстап, тәрбиелі, салмақты,

байсалды және ұғымпаз болып есейеді және отбасында көргенін жалғастырып, болашақта еліміздің тірегі болады деп сенімдемін.

Балаңыз сіздің сөздеріңізді қалай қабылдайды?

  Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз баланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.

  Біз баламызға…

-Абайла құлап қаласың!

-Итке жақындама қауып алады!

Баланың түсінуі…

Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Өзіңіді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.

Біз баламызға…

-Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!

Баланың түсінуі…

Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт керек?(Келісуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!

Баланың түсінуі…

Сен өз сезіміңді көрсетпе.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)

Баланың түсінуі…

Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер қаласаң көмектесіп жіберемін.

Біз баламызға…

-Ұялмайсың ба!

Баланың түсінуі…

Сен жамансың, сенде бір нәрсе дұрыс емес.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.

Біз баламызға…

-Көрсей жұрттың баласын қандай ?

Баланың түсінуі…

Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.

Сіз басқаша айтыңыз…

Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.  

Сәбидің мінез құлқын қалай жақсартуға болады?

Сәби кезендегі балаларда истерикалық айқайлау, мінез-құлқында ызалану және агрессия жиі болады, олар оны

тілегіне жету үшін жиі қайталайды. Сондықтан, отбасында біріншіден, тәрбиенің бағыттылығы мен бірдейлігі болуы қажет. Екіншіден, сәбиге өзінің тілегін көрсетудің басқа формаларын табуға көмектесу керек. Үшіншіден, мадақтау және пайда болған ашуды емдеу. Ашумен тілегіне жетпейтінін анасы сәбиге түсіндіру керек. Онымен әртүрлі ойындар ойнауда, онымен мейірімділікпен қатынасып, жақсы көңіл-күй кезеңдерінде сәбидің жаман әрекеттерін қойдыруға болады. Сәбиде өзіне сенімділік сезімін тудыруға көмектесіп, жақсы мінез-құлқын мадақтау керек.

   Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға

тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға

тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс -әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты

дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше

баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

Просмотров: 712


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст