Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі

19.02.2018

Балаларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі

21-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.

Бүгінгі таңда балабақшаларда оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялы педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір оқу іс- әрекетіңде қамту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшада әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы баланың әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына тәрбиеші тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, В.Беспалько өзінің

«Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады.

Инновациялық (озық) білім беру деп — тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.

 

Бағыттары

Түрлері

Авторлары

1

Педагогикалық

үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология

Педагогикалық

қарым-қатынас

Ы.Алтынсарин

Ізгілікті-тұлғалық

технологиясы

Ш.Аманошвили

Әдебиетті адам

қалыптастыру пәні ретінде оқыту

Е.Ильина

2

Балалардың іс-әрекетін

белсендіру және қарқындату негізіндегі технология

Тірек белгілері

негізінде оқыту

В.Шаталов

Ойын арқылы оқыту

технологиясы

В.Коваленко

Проблемалық оқыту

технологиясы

М.Махмутов,

А.Матюшкин, В.Оконь

Коммуникативтік

қарым-қатынас

Е.Пассов

3

Оқу үрдісін тиімді

ұйымдастыру және басқару

Деңгейлеп-саралап

оқыту

Ж.Қараев,

Г.Селевко

Топтық және ұжымдық

оқыту

В.Дьяченко, И.Ривин

Компьютерлік оқыту

Қ.Ағанина,

М.Жүсіпбалиева

Бағдарлап оқыту

В.Беспалько

4

Оқу материалын

әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру

Мәдениеттер диалогы

В.Библер

С.Курганов

Экология және

диалектика

Л.Тарасов

Дидактикалық

білімдерді ірілендіру

П.Эрдинов

5

Жеке пәндік

технология

Сауаттылыққа ерте

тәрбиелеу

А.Кушнир

Сатылай талдап оқыту

Н.Оразақынова

Өздігінен дамыту

технологиясы

М.Монтессори

6

Баламалы

педагогикалық

Еркін еңбек

технологиясы

С.Френен

Вальдорф

технологиясы

Вальдорф

7

Табиғи байқағыштық

Табиғи байқағыштық

арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу

А.Кушнир

Өзіндік дамыту

Т.Семеко

8

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту жүйесі

Л.Выготский,

В.Заньков, Д.Эльконин, В.Репин

Жеке тұлға

бағытындағы дамыта оқыту

И.Якиманская

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология.

Оқытудың ақпараттық технологиясы — ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай оқу іс -әрекет берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті оқу

іс- әрекетте видео, аудио қондырғыларды  мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр тәрбиеші өзі көз жеткізіп отыр.

Балабақша оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, оқу іс-әрекет қарқыны жеделдетіледі.

Балаларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық  сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Мен өзім ІІ-кіші топқа оқу іс-әрекет бергендіктен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу іс- әрекетіңде ойын технологиясын пайдаланамын.

Ойын технологиясы – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.

 Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.

Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын — адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп те айтуға болады.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен

ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол

балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді,- деп қарастырады.

Ойын — халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік — экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Мысалы: қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол

ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде өзім кішкентай бүлдіршіндерге оқу іс- әрекетіңде пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ал, енді мен қолданып жүрген осы балаларды дамытатын, еске сақтау қабілеттерін дамытатын бір неше ойынның түрін алдарыңызға ұсынайын (плакаттан, немесе интерактивті тақтадан көрсету). Бұл ойындар арқылы менің

балаларымның ойлары, есте сақтау қабілеттері, тілі, танымдылығы дамиды, сана қалыптасады.

Кез-келген оқу іс- әрекет қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір тәрбиеші үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған тәрбиеші үшін өзінің әрбір оқу іс-әрекеті бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Тәрбишінің өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан тәрбиешінің оқу іс- әрекеті басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір оқу іс -әрекетінде озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Тәрбиеші әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, бала үшін оқу іс- әрекетің қызықты ете алады.

Просмотров: 726


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст