Балабақшада балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәбиелеу.
Балабақшадағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті.
Балабақшада балаларды жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл – қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.
Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында таным белсенділігі артып, игерген білім – машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеу, ойын ойнауға қасына серік тауыпалуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдапалған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салалармен тығыз байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілікке баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көп тіжіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр балаға өзісі мен қылығына жауапкершілік пен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену керек.
Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға атсалысу, жаңа, озық тәжірбиені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, тәрбиешілер бірлесе атқаратын абыройлы міндет. Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру тұжырым дамасында былай делінген: «Балабақшадан бастапжан-жақты және толық жетілген тұлғалы адам тәрбиелеуге жәрдемдесетін эстетикалық мұраттар, талғам мен талап тілектер қалыптастыру, түптеп келгенде тәрбиенің барлыққыры мен, сырын өз бойына сіңіреді». Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенің өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештең ежоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді.
Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісікеліп бәрін өзіміс теймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мақұлдап, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберем, бәрін де өзініс тейаласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Ізеттілік, ізгілік, инабатталық әдептілік – бір күнде қалыпта сақалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет.Тәрбиеші бұлмақ сатта көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады.
Солай еткенде бала өздігінен ойын ойнағанда тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді.
Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті әзіл-қалжың шығармаларды пайдалану топта балалалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын ізгі сезімін, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететін інатап өту қажет.
Ойын баланың жан серігі. Тірбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастама ынқолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады.
Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші мен қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын жүргізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны
ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады.
Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Бала табиғатының өзі ойынмен байланысты.
Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әріқарай өрбіте түседі.
Мұндай ізгілік сезім достық қарым қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады.
Сәбидін алғашқы қадамынан бастап, қайырымдылық қасиетті бойына сіңіре білуіміз қажет.
Ол үшін баланың айналасында соған қолайлы жағдайлар жасалуы шарт. Мысалы:
А) топтағы әр заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;
Б) бала өзін еркін сезінуі керек;
В)тәрбиешінің жеке басының мәдениттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
Ойынды ұйымдастыру жайында
Кіші топқа арналған сюжетті-рөлдік ойындар.
Бұл жастағы балаларда негізг іойындар-ойыншыққа байланысты болады. Олар негізінен тамақтандыруға, бесік тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен қояндар болып келеді. Осы аюлар мен қояндарға арнап жиhаздар: үстелдер, орындықтар, кереуеттер, бесіктер қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де көлемді болуы керек. Бұдан басқа қуыршақтар да қажет: олар көрпешеге орауға, ұйықтатуға, суға түсіруге ыңғайлы.
Тәрбиеші ойын шартын ретімен орындай отырып, «Бесік жырын» айтып сәбилерді ойнатады. Тәрбиеші қуыршақты ұйықтауға байланысты өзіне ұнаған «Бесік жыры» өлеңнің бір-екі шумағын баяу әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталатып ойнату кезінде барлық балалар тәрбиешіге қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай-ақ бірнеше рет қайталау барысында, өздері-ақ үйреніп алады. Ойынның барысы: «Қуыршақты ұйықтатамыз» Қажетті атрибуттар: қазақ бесік, кереует, төсек, қуыршықтың киімі, болуы керек. Ойын шарты:
Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, колготкиін, сосын көйлегін шешіп орындыққа реттеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз «Әй-әй бөпем» өлеңнің айтамыз. Қуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді. Осы ойынның мазмұның әрі қарай жетілдіре жүргізеді.
«Қуыршақ оянды»- қуыршақты киіндірерде балалардан сұрай отыра, солардың айтқаны мен киіндіру. «Мынау не?» -балаларды отырғызып, төсек-орны жинаулы тұрған кереуетті көрсетіп, біз қазір төсек-орындарды өзатымен жеке-жеке атаймыз. Мынау не?- дегенде сендер жауап бересіңдер.
Тәрбиеші өз тобындағы тәртіп бұзатын балалардың намысына тимей,
адам гершілік жайындағы шығармаларды оқып талдай отырып та олардың сезіміне әсер етеді. Қай
бала болмасын жағымсыз қылықтан жиреніп, әңгіме мазмұнындағы жағымды бейнелерге еліктейді.
Ойын кезінде көркем шығармалары оқу барысында, біртін деп топтағы балалар байқағыш,
реттегіш бола бастайды. Тәрбиеші күнделікті білім беру, еңбекке баулу,
ойындарды ұйымдастыру кезінде әр баланың жеке тұлғасының.
Қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді.