Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің педагогикалық философиям (ЭССЕ)

09.01.2018

Менің педагогикалық философиям

(ЭССЕ)

       Мен тәрбиешімін... Балабақшада жұмыс жасау, кішкене бүлдіршіндерді тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін көп уақыт сияқты көрнуі мүмкін.

Ал мен үшін... бақытты кездерім деп есептеймін.Ертеңгілік өз тобыңда отырып саған қарай анасымен не әкесімен бірге жүзі бал-бұл жайнай келіп, құшағыңа енетін әр сәби бақыт нұрын сепкендей. Өсе келе апыл-тапыл, былдыр да, тәтті тілмен «сәлеметсіз бе, апай!» деген сөз тіркесін осы кезге дейін қаншама рет естісем де, мен үшін қадірлі.

        Балабақша – тәрбие бесігінің бірі.

Қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт–дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын, адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық тәлімі, санамақ, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, сұрақ-жауап, ойын-ертегі, қызықты сәттер арқылы бүлдіршіндерімді қолдарынан жетелей жүріп күн сайын осы ғажайып, пәк әлемнің тылсымына ену маған үлкен ләззат сыйлайды.

Педагогикалық шеберліктің мәні – алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамысын негізге аламын. Балалармен өткізетін бүгінгі күнім қандай болмақ? Бүгінгі оқу іс-әрекетінде әлемнің қандай сырларын ашсам екен? Әрбір күннің сәби жүрегіне сәттілік әкелуі бірінші кезекте әрине, тәрбиеші қауымына өзімізге байланысты. Бала сәби кезінен үлкен азамат болсың десек, өз жақын адамдарына, балабақшаға, туған жеріне- сүйіспеншілік пен патриоттык сезім еңгізу керек.

  М. Әуезов айтқандай «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді әрбір қазақстандық отбасы санасынан шығармай балаларын ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп, адамгершілік құндылықтарды басты орынға қою қажет. Демек, әрбір жас өспірімге ел болашағы, буын жалғасы ретінде қарап, оның жеке жауапкершілігін ұштап, жастайынан қоғамда болып жатқан саяси процестер мен оқиғаларға саналы түрде қарауына мүмкіндік жасау керек. Сондықтан да еліміздегі көпұлтты өкілдерінің патриоттық сезімін көтеруде «Менің Отаным - Қазақстан» деген ұғымның төңірегіне біріктіріп, жалпы ұлттық идеология қалдыптастырған жөн. Осы елдің азаматы болған соң ана тілін меңгеріп, мемлекетіміздің рәміздерін, бай тарихынан, тілі мен діні, мәдениетін қадірлеп қастерлегенде ғана жалпы қазақстандық патриотизм ұшқынын жағуға мүмкіндік беріледі.

Балаларды Қазақстан рәміздерімен, қалаларымен таныстырып, мақтанышпен қарауға, қазақ тілін, адамды сүюге, табиғатты сүюге, Отанын қадірлеуге, қорғауға, өзін қоршаған ортасын қастерлеуге мүмкіндік жасалды.

Көп ұлтты Қазақстан халқының отансүйгіштік қасиетін қалыптастыратын азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Демек, оқу мен тәрбиені бір-бірімен кірістіре отырып, ұлттық жауынгерлік дәстүрлерінің негізінде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі түрде жүргізу арқылы елін, жерін жаудан қорғай алатын шынайы ұлтжанды

азамат тәрбиелеп шығару бүгінгі егеменді еліміздің тәрбиешілер қауымының абыройлы борышы болып отыр. Адамның келешегі оның тегінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратыны мәлім. Демек, патриоттық сезім де адам бойына туа бітетін сезім. Бірақ, оның дамуы мен дамымауы балабақша мен отбасы тәрбиесіне тікелей

байланысты. Ол - білім беру, дамыту және тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие ерекше маңызды міндет.

Отан!! Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды.....

Абай атамыздың өленің ұйқастары еш жадымнан шығарған емеспін.Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер -Астрахан ауылынаң басталады. Дәл осы жерде менің көңілді

де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және балабақшаға барған көше әлі есімде... Мен өз ауылымды қалай мақтан тұтпайын? Қалай жақсы көретінімді, балаларға қалай жеткізбеймін?

Жастүлек – болашақ үлкен бір мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына

түсіп, өмір мені қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. Әр адамның өмірден өз орнын тапқаны дұрыс қой. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.Отанды сүю – отбасынан басталады демекші, өзімнің туған ауылыма, отбасыма, кішкентай Отаным – Астраханыма қызмет етуді жөн санап, өз еңбегімді

сіңіріп келемін.

Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Отаным! Балалық шағым қасында, тағдырым сенсің, Қазақстан! Мен үшін Отан –құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезім!

Тәрбиеші –алдына келген әр сәбиді өз баласындай сүйетін, сонымен қатар өз мамандығын сүйетін патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, шығармашыл, жанашыл, терең білімді педагог болуы тиіс.

Ия, тәрбиешілік жол-қызығы мен қиындығы қатар жүретін қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, сәби жүрегіне жол табу мен үшін үлкен бақыт.

Балаларымның біліктілігін арттыру және байқауларға қатысып, ашық оқу іс-әрекеттер өткізіп әр ғарай өз жұмысымды жалғастырып тәрбиеленушілерімді биік шыңдардан көретініме сенемін. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге, дұрыс білім беруге міндеттіміз.

Просмотров: 950


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст