Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жобалау әдісі-инновациялық педагогикалық технология.

28.01.2018

Жобалау әдісі-инновациялық педагогикалық технология.

Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырылған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс- әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс- әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. Жоба технологиясының ерекшелігі - баланың алдағы іс- әрекетті жобалай  алуы мен оның субьекті бола білуі.

Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезенді процестер мен алдын- ала жоспарланған тәжірибелік іс- әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі.Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.

Жобалық іс- әрекеті біріккен оқу танымдық іс- әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс- әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс- әрекеті.

Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді:

1.5- оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек.

2.Тақырып бағдарламадан тыс тандалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін.

3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс.

4.Жақын даму аймағында орналасуы тиіс.

Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін.

Жобаның ұзақтығы: қысқа мерзімді - 1, 2 немесе бірнеше сағат ;1-2апта,

орта мерзімді 1-3 ай ,

ұзақ - бір жылға дейін.

Жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.

Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше ата аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болуына байланысты болады.

Жобалаудың негізгі қызметі- бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердіңжалғасуына құралдар таңдау.

Жобалық әдіс- айқын іс- әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.

Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді:

1.Дайындық.   2.Негізгі.      3.Қорытынды.

Жобалық іс- әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық.

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба тандалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы

сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.

  Негізгі кезең - жобаның жүзеге  асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс- шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі(жобаның мақсатқа жетуі)

Қорытыңды кезенде жобаны қорғау, рефлексия,қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын, баланың дербестігі және ата- ана мен баланың ортақ шығармашылығы. Сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі.

Мен 2- апталық жоба алдым. Тақырыбы: «Отбасы».  ІІ- кіші «Балдәурен» тобы.

Мақсаты: Отбасы туралы білімдерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:  Отбасы мүшілерінің қарым қатынасы туралы

біледі. «Мен» және «Менің» орным жануяда-туралы түсініктері кеңееді. Отбасы

мүшілері- ата, әже, әке, шешесінің атын атап айтыду үйренеді. Отбасы тақырыбына

сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйренеді. Сұрақтарға жауап бере білуге үйренеді.

Үй ішіндегі адамдармен сөйлесу білу, құрмет, сыйлыстық, бір үйдегілердің бір біріне

көмегі туралы көңіл аударады. Диолог түрінде сөйлесу тілдері дамиді.

Жобаның құрылымы

 

Мазмұны

Практикалық жұмыс

Аналитикалық

 блок

Диагностика

Балалар өз отбасылары не білетінің білу.

Ақпараттық

 блок

Ата-аналарға кеңес.

«Өнеге отбасынан» папка передвижка.

Тәжіребелік

 блок

Ойын арқылы оқу іс-әрекеттері.

Ленгэтюд «Фотосуреттін тілі»

«Отбасы»; «Менің шыққан тегім»;  «Менің жануям» оқу іс- әрекеттер өткізу.

Балалар өз отбасы

Ата-аналар

блогы

Ата-аналарға үй жұмыстары: Лепбук және «Менің отбасым»

деген фотогазет шығару.

Лепбук және «Менің отбасым» деген фотогазет шығарады.

Отбасы фотоларын әкеледі.

Бос

уақыттық (дербестік) блок

Сюжеттік-рөлдік ойын.

«Шалқан» ертегісін сахналау.

с/р ойын «Отбасы»;

Ертегі сахналай үйренеді.

Қорытыңды

кезі

Презентация. (Слайд).

Балалар бір бірінің жанұяларын қарап салыстырады,

қорыту шығарады.

(Нәтижелі)

Күтілетін

нәтижесінің Экспресс-диогностика

-Бірге жұмыс жасады.

-Сұрақ қойды.

-Басқаларға жәрдем берді.

-Білмесе де тырысты.

Жобаның жоспары

І апта.

Тақырыбы

Жұмыс жоспары

Өткізетін түрі

Материал

Мерзімі

 

«Жаңұя», «Отбасы» деген не?

«Менің шыққан тегім»

Таппақ, өлен, әнгіме оқып әнгіме жүргізу.

Сұрақ жауап. Әнгімелеу.

Ата,әже, әке, ана туралы таппақ.

Дүйсенбі

 

«Менің жаңұям»

Отбасы мүшелерінің қарым қатынасы. «Мен» және «менің»

орным жануяда түсініктерді кенейту.

Оқу іс -әрекеті

Отбасы суреті. Отбасы демалысы сурет.

«Әжесін қайсысы жақсы көреді?» (М.Төрежанов) әнгіме

оқу.

 

Сейсенбі

 

«Бір үйде біз нешеуміз?»

 

Саусақ жаттығуы

 

Сәрсенбі

 

«Отбасы демалысы»

Отбасы мүшелерінің қарым қатынасы. Үй іші туралы

білісдерін кеңейту.

Оқу іс -әрекеті.

Жұмбақтар ата,әже,ана туралы. «Менің анам»

(А.Бақтыгереева) әнгіме оқу.

Бейсенбі

 

Сюжетті рөлдік ойын: «Отбасы»

 

Сюжетті рөлдік ойын

Атрибуттар.

Жұма

 

 

 

 

 

 

ІІ апта.

Тақырыбы

Жұмыс жоспары

Өткізетін түрі

Материал

Мерзімі

 

Жануарларда жаңұя бола ма?

 

Жануарлар мен кісінің жанұяларын салыстыру.

Сұрақ жауып.

Жануарлардың суреттері

Дүйсенбі

 

«Шалқан» ертегісі

Ертегі оқып, сахналау арқылы өткен оқу- іс әрекеттерін

пысықтау.

 

«Шалқан» кейіпкерлердің маскалары және қосымша

атрибуттар.

Сейсенбі

 

«Менің отбасым» сурет салу.

Өздерінің Отбасынын суреттерін салады.

Сурет салу.

Қарындаштар, Альбом қағазы.

Сәрсенбі

 

«Менің үйым»

Өткен тақырыптарды пысықтау.

Сұрақ жауап.

Лепбук, Газет «Менің отбасым» ата аналар жасағанды

қарау.

Бейсенбі

 

«Менің сүйікті жанұям»

 

Презинтация қарау.

Отбасы фото суреттері.

Жұма

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және педагогтарға практикалық  кеңестер беріледі.

Просмотров: 936


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст