Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру– тәуелсіздіктің тірегі

08.02.2018

Рухани жаңғыру– тәуелсіздіктің тірегі

 Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

-Балалар, көңіл- күйлерің қалай?    ( жақсы, өте жақсы)

-Ал, енді балалар қонақтармен амандасып алайық.

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тірегіміз –тыныштық,

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз.

Бәріміз де біргеміз!

-Кім айтады? Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Ал біздің елбасымыз кім? Дұрыс айтасыңдар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлкеттік рәміздерімізді кім айтады? ( Елтаңба, әнұран, ту)

-Жарайсыңдар! Ендеше балалар, бәріміз әдемілеп тұрып Қазақстан Республикасының әнұраның шырқайық. (Әнұран орындалады).

Іс-шарамыздың тақырыбы Елбасымыздың 2017  жылғы жолдауы Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру тақырыбында . Балалар , Рухани жаңғыру дегеніміз – әр өз елінің азаматы, азаматшасы болсын елінің, жерінің, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, экономикасы болсын бүкіл әлемге шығарып танытып, жақсы жағынан көрсету болып табылады. Басқа әлемдік елдермен қатарлас болу керек. Терезесі тең, керегесі кең ел қатарына қосылуы.

       XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған ас маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан

қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.

   Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Арқан тарту» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б ойындар ойнату арқылы баланы

тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету іске  асырылады.

  Арқан тарту. 

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. 

   Орамал тастамақ 

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. 

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді. 

  Түйілген орамал 

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан

кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Қуыр-қуыр қуырмаш. 

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға: 

-ортанғы саусағымды тапшы,- дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші

бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан

бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады. 

Сен тұр қойыңа бар. 

Сен тұр түйеңе бар 

Сен тұр жылқыңа бар 

Сен тұр сиырыңа бар 

Сен кішкентай әлі жас екенсің 

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. 

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: 

Қуыр-қуыр ,қуырмаш 

Балапанға бидай шаш 

Әжең келсе есік аш 

Қасқыр келсе мықтап бас 

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп: 

-мына жерде қой бар 

Мына жерде жылқы бар 

Мына жерде жылқы бар 

Мына жерде түлкі бар

- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды.

Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап

тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен, ол бала алақанын

жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен -«Сақина кімде» -деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

     Осымен біздің ойынымыз балалар аяқталды. Сендерге ойын ұнады ма? Қай ойын көбірек ұнады?

       Балалар, сендерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Сау болыңдар!!!

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст